Бір тонна бекіремен шетелдік браконьерлер ұсталды
30 Марта 2015 (15:34) | 2172 | Автор: Мира Ботабекова
Каспий теңізінде 1 тонна бекіре балығын қолды етпек болған браконьерлер қамауға алынды. Оқиға кеше түнде болған. Теңіз байлығына қол сұққандарды жауынгерлік кезекшілікте жүрген «Тараз» шекара кемесінің экипажы қолға түсірді. Ел аумағына заңсыз кірген Әзірбайжан Республикасының 4 бірдей азаматы қазақ шекарашыларына бағынбай қашпақ болған. Оларды ұстау үшін теңіз сақшыларының қару қолдануына тура келді. Тінту барысында браконьерлерден 1 тонна ақсерке, бекіре сияқты бағалы балықтар мен 28 жәшік балық аулауға тыйым салынған құралдар тәркіленді. Жалпы жыл басынан бері «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының қызметкерлері заңсыз балық аулаған 18 шетел азаматын ұстапты.
Ерхан Рысқалиев, ҚР Шекара қызметі «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасы, 2201 А әскери бөлімінің командирі:
-Әзірбайжан азаматтары «Қызылқұм» мүйісінде ұсталды. Олардың үстінен Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің екі бірдей бабы бойынша іс қозғалды. Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, ел байлығына қол сұққан браконьерлер қазір Қарақия ауданындағы уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жұмыстары аяқталған соң іс сотқа жолданады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему