Оралда “Сарбазға прокурорлық кеңес” акциясы өтті
Курс валют в Актау
на 09/05/2026
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
9 Мая, 23:52
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Оралда “Сарбазға прокурорлық кеңес” акциясы өтті

8 Мая 2026 (13:52) | 1 | Автор: Абдрасул Абдрашит

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде Отан қорғаушылар күніне орай және «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында «Сарбазға прокурорлық кеңес» тақырыбында республикалық акция өткізілді.

Іс-шараға Орал гарнизонының әскери прокуроры мен прокуратура органдарының ардагерлері қатысып, әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты. Сапар барысында казармалар мен асхана қаралып, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына ерекше назар аударылды.

Ардагерлер жеке құраммен кездесіп, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Әскери қызметшілердің өзекті сауалдарына жауап беріліп, заң талаптарын сақтау, әскери тәртіпті нығайту және құқықтық мәдениетті арттыру бағытында тәжірибелік ұсынымдар айтылды.

Шара әскери қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, тәртіпті нығайтуға және күнделікті қызмет барысында заң талаптарын қатаң сақтаудың маңызын терең түсіндіруге ықпал етті.

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему