«Сенің дауысың – сенің тағдырың» шарасы
19 Марта 2015 (14:30) | 2888 | Автор: Редакция
«Сенің дауысың – сенің тағдырың». Бүгін ақтаулық жастар осындай ұранмен флешмоб өткізіп, қала тұрғындарын 26 сәуірде болатын Президент сайлауына белсене қатысуға шақырды. Шаһардың қақ ортасындағы «Астана» алаңында өткен шараға мыңнан астам адам жиналды.
«Біз жастарды, сондай-ақ қаладағы жастар ұйымдарының белсенділерін әлеуметтік желілердің көмегімен жинадық. Жастардың бірігіп флешмоб ұйымдастырып, өздерінің белсенділігін танытқандарына өте қуаныштымыз. Флешмобтың мақсаты – Қазақстан Республикасының барлық жас азаматтарын біріктіру және алда тұрған Президент сайлауына белсене қатысуға шақыру»,-деп атап өтті «Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысының Маңғыстау облысы бойынша үйлестірушісі Сәкен Мыңбаев.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему
отмена
отмена