Ақтауда зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі талқыланды
Курс валют в Актау
на 12/12/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
12 Декабря, 08:46
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақтауда зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі талқыланды

11 Декабря 2024 (15:56) | 73 | Автор: Редакция

Ақтауда қала әкімі жанындағы Аналар кеңесі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы аясында ата-аналармен және оқушылармен кездесу өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған акция 25 қараша-10 желтоқсан аралығында өткізіледі. Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға №24 жалпы білім беретін мектептің жоғары сынып оқушылары мен ата-аналары қатысты. Ақтау қаласы әкімі жанындағы Аналар кеңесі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері ата-аналар мен оқушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері мен алдын алу жолдарын түсіндірді.

-Оқушылар мен ата-аналарға зорлық-зомбылық мәселесі туындаған кезде қандай іс-әрекеттер жасау қажеттігі айтылды. Зорлық-зомбылық мәселесін шешу жолдары түсіндірілді. Бұл шара алдағы уақытта басқа білім беру ұйымдарында да ұйымдастырылады, - деді Ақтау қалалық аналар кеңесінің мүшесі Жібек Ахметова.

 
 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему