Өндірісі өркендеп, дамыған Түпқараған
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 05:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өндірісі өркендеп, дамыған Түпқараған

19 Февраля 2015 (10:23) | 2602 | Автор: Нұрганым Имашева

Тәуелсіздік жылдары өсіп-өркендеген Түпқараған ауданы-негізінен ауыл шаруашылығы, оның ішінде балық шаруашылығымен айналысқан аудан. Дегенмен, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын және өнеркәсіпті дамытуға баса назар аударған жергілікті жұртшылық уақыт талабына сай бейімделіп, өндірісті де өркен жайдыра бастады.

 

Осылайша, Түпкараған ауданының жылма-жыл бюджетінің кірісі көбейіп, әлеуметтік-экономикалық жағдайы да арта түсті. Ауданда үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламамен бірнеше ірі нысан іске қосылып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі туды.

 

Еліміздегі бағдарламаларға сәйкес индустриялық-инновациялық жобалар Түпкараған ауданының Форт-Шевченко қаласында, Баутин елді мекенінде үлкен өндірістік құрылыстар іске асты. ҚР-ның үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы бағдарламасын  іске асыру мақсатымен ауданда 2014 жылы үш жоба іске қосылды.

Оларды атап айтар болсақ, «Қазақ Осетр» ЖШС-нің бекіре шикізат фирмасының құрылысы салынды, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» компаниясы бес жылжымалы гелиополимерлік қондырғыны пайдалануға берді және «Таушық ауылшаруашылығы» ЖШС-нің жүн өңдеу цехы жұмысын бастады.

 

Аудан әкімі Темірбек Асауовтың айтуынша, ауданның даму бюджеті алдыңғы жылмен салыстырғанда 9,2 пайызға өсіп, 1966,2 млн. теңгені құраған. Осылайша, аудан республикалық бюджетке тиесілі 2,3 млрд.теңге бюджеттік алымдарды толығымен орындаған.

 

Көліктік инфрақұрылымды дамыту бағытында ауданға қарасты автожолдарды ағымдағы жөндеуге бөлінген 12,7 млн.теңге толығымен игеріліпті.

 

 Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдарының ішкі жол құрылысының жобалық-сметалық құжаттары (ЖСҚ) жасақталған. Қазіргі таңда Ақшұқыр, Қызылөзен және Форт-Шевченко индустриалдық аймақтарының сыртқы және ішкі инженерлік инфрақұрылымдық желілерінің автомобиль жолдарының, сонымен бірге Тамшалы, Саура, Шақпақ Ата туристік аймақтарының кіреберіс жолдарының ЖСҚ жасақталуда.

Сондай-ақ, ауданның ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2014 жылдың 9 айында 675,5 млн.теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға артқан.

 

«Қуаңшылық жаздың салдары болуы керек, жалпы 2015 жылдың 1 қаңтарына алынған есеп бойынша алдыңғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда мал басының кемуі байқалады. Қазір  63 698 бас мал мен 748 үй құсы есепке алынып отыр. Жалпы «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 2014 жылы жергілікті бюджеттен 7 452,0 мың теңге, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру үшін – 30 880,0 мың теңге, егін шаруашылығы үшін – 9 119,0 мың теңге сомасында субсидиялар бөлінді.

«Маңғыстауагросервис» ЖШС арқылы 4-ЖШС, 6-шаруа қожалығы тауарлы несие мен лизинг жолымен 18 236,0 мың теңгенің ауылшаруашылық техникаларын сатып алды. Тамшылатып суаруды қолданумен 4,5 га жер қамтылып, жылыжай ауданы 0,4 га-ға артты»,-дейді аудан әкімі Темірбек Асауов.

 

Ауданда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 5 кәсіпкерге 15 млн. теңге несие берілген. Шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілерінің саны 12 пайызға өсіп, 2014 жылы 1380 бірлікті құраған.  Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 4896 адамға жеткен.

 

Сонымен қатар ауданда "Бизнестің  жол картасы-2020" бағдарламасын жүзеге асыру да қарқынды жүруде. 2014 жылы екі бағыт бойынша 4 жоба мақұлданыпты. Оның ішінде 1 жоба (Сақтағановтың жиһаз цехы) 2,0 млн теңге грант алған болса, екінші жоба  бойынша «Жақсылық-Уленти» ЖШС көлік жөндеу цехы пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялау жолымен 15,0 млн. теңге алып, жұмысын бастаған.

 

Он үш кәсіпкерге 35,5 млн.теңге көлемінде несие берілген. Оның ішінде «Каспий» микроқаржы ұйымы ЖШС арқылы 3 кәсіпкер 6,5 млн. теңге, «Ауылшаруашылығын қаржылай  қолдау қоры» АҚ арқылы 4 кәсіпкер 11,6 млн. теңге, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен 6 кәсіпкер 17,5 млн. теңге қаражат алып, 23 жұмыс орнын ашыпты. «Бизнес-кеңесші» бағыты бойынша 84 адам тегін оқу курсынан өткен.

 

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағытының аясында ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру үшін 2014 жылы үш елді мекен бойынша 60,9 млн.теңге сомасына 5 жоба іске асырылған. Осылайша, 28 жұмыс орны құрылған.

 

 Сонымен қатар, 6 адам 17,4 млн. теңге несиемен қамтылған. Үшінші бағыт бойынша қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарына-43 адам, жастар тәжірибесімен-72 жас маман жұмысқа жолданыпты.

 

"Өңірлерді дамыту" бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру және ойын алаңдарын құру үшін  республикалық бюджеттен 29,2 млн. теңге бөлініп, үш ауылдық мекенде 5 жоба іске асырылған. Сонымен қатар, Сайын және Баутино кенттерінде екі әкімшілік ғимараты пайдалануға берілген.

 

«Ақ бұлақ» бағдарламасының аясында Форт-Шевченко, Баутино елді мекендерін ауыз сумен және кәріз жүйесімен қамту жобасы аяқталып, жұмыс комиссиясы өткізілді.

 

2008 жылы басталған жобаның кемшіліктері жөнделуде, яғни су гидранттарын тексеріп дұрыстау жалғасуда. Сонымен қатар, 2014 жылы  339,9 млн. теңге бөлініп, Сайын Шапағатов селосында резервуар және селоішілік су құбыры, Аташ кентіндегі кентішілік су құбырларының құрылысы жүргізілді.

 

 Таушық ауылы толықтай орталықтандырылған су жүйесімен қамтылған. Ақшұқыр ауылының ішкі су жүйесінің ЖСҚ жасақталып, ұсынылды. Елді мекендерді телефон, интернетпен қамту бойынша есепті кезеңде 203 үйге телефон, 553 үйге интернет, 65 үйге 4 GLTE жоғары жылдамдықты интернеті, 52 үйге телебағдарламасы қосылды»,-деп мәлімдеді аудан әкімі Темірбек Асауов.

 

Бүгінгі таңда ауданда 5358 баланы қамтитын 8 жалпы білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Үш ауысымды білім алуды жою мақсатында биылғы жылы Ақшұқыр ауылында 960 орындық мектеп пайдалануға берілген.

 

Сонымен қатар, НКОК қаражаты есебінен Форт-Шевченко қаласынан 120  орындық жатақханасымен 550 орындық мектеп құрылысы  жүргізілуде. 2015 жылы 2 мемлекеттік балабақша пайдалануға берілетін болса, 1 жеке балабақша құрылысының басталуы жоспарланған.

 

Аудан бойынша «Е-learning» республикалық электронды оқыту жобасына М.Әбдіхалықов мектебі және Сайын ауылындағы №1 мектеп-лицейі толықтай қосылыпты

 

Аудан әкімі есебіне жүгінсек, ауданның денсаулық сақтау саласы«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қызмет сапасын жақсартып, көптеген салаларда оң нәтижелерге қол жеткізіпті.

 

 2014 жылы ауданда 877 нәресте дүниеге келген. Жалпы өлім 2013 жылға қарағанда 2014 жылы 26,6 пайызға азайған. Өкпе ауруының тіркелу көрсеткіші 2013 жылы – 16 болса, 2014 жылы - 14 адам.

 

 Ал, жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын ала анықтау бағытында 2014 жылы 3930 адам тексеріліп, 285 науқас диспансерлік есепке алынған. Саланың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында өте қатаң ауруларды қосымша демалдыру және ота кезінде демалдыру үшін ИВЛ аппараты, ас қорыту ішкі органдарының ауруларын ерте анықтау үшін ФГДЭС аппараты, КТГ- кардиотонография аппараттары сатылып алынған.

Сондай–ақ «НКОК» компаниясының демеушілігімен қан құрамын анықтайтын анализатор аппараты пайдалануға берілген.

 

Өткен жылы орталық аурухананың перзентхана бөлімі жөндеуден өткізілген. Сонымен қатар, аудандық аурухананың жалпы бөлімінің ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ жасақталған.

 

 2015-2016 жылдары Ақшұқыр және Сайын Шапағатов ауылдарына селолық емхана, 2016 жылы Таушық отбасылық денсаулық сақтау орталығын салу жоспарда қарастырылып отырған көрінеді.

 

"Дипломмен-ауылға" бағдарламасы бойынша білім, денсаулық, мәдениет, спорт салаларының мамандарына барлығы 42 маманға 2014 жылы  5,5 млн. теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы берілген. Аталған мамандарға тұрғын үй сатып алуға 4 жас маманға 11,1 млн. теңгеге бюджеттік несие берілген.

 

Ауданда қылмыс 4,6 %-ға төмендепті. Яғни, 208 заң бұзушылық тіркелген. 2013 жылы тәртіпсіздік саны-218 болатын.

 

Биыл ауданда "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 64 уақытша жұмыс орындары құрылып,  ауылдардағы 10 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 193,1 млн. теңге қаражат қарастырылған.

 

«Оның ішінде, тірек ауылы болып табылатын Ақшұқыр ауылына басымдылық көрсетілген. "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы шеңберінде 11 әлеуметтік нысанды жөндеуге, аббаттандыруға, көгалдандыруға, жолдарды ағымдағы жөндеу үшін 52,6 млн. теңге қаражат бөлінді.

 

 Форт-Шевченко қаласында 120 орындық жатақханасымен 550 орындық мектепті және «Дарын» қосымша білім орталығының 60 орынды жатақханасымен әкімшілік ғимаратының құрылыстарын аяқтаймыз.

 

 Форт-Шевченко қаласында 140 орынды және Қызылөзен селосындағы 50 орынды балабақша пайдалануға беріледі. Форт-Шевченко, Баутин ішкі жүйелік және «Ақтау-Ақшұқыр-С.Шапағатов» магистралдық су құбырын іске қосу, Ақшұқыр мен Сайын ауылдарының ішкі су жүйелерінің құрылысын жүргізу сияқты жұмыстар жоспарда тұр»,-дейді келешектегі жоспарымен бөліскен аудан басшысы Темірбек Асауов.

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему