Аймақта өткен жылы ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен 120 аудиторлық іс-шара атқарылған
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 08:15
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Аймақта өткен жылы ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен 120 аудиторлық іс-шара атқарылған

19 Марта 2019 (12:49) | 1404 | Автор: Нурганым Имашева

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті 2018 жылдағы өз қызметінің нәтижесін жариялауға және сыбайлас жемқорлық көрінісінің алдын алу мен болдырмау мақсатында түсіндірме жұмысын жүргізуге арналған дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырғаны туралы жариялаған болатын.

 

 

Басқосу барысында Департаменттің мемлекеттік аудит бағытындағы қызметінің 2018 жылдың нәтижесі бойынша жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы С.Койланов баяндады.

 

- Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаменті өткен жылдың қорытындысы бойынша 120 аудиторлық іс-шара, оның ішінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер арасында 80 іс-шара, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер арасында - 14 іс-шара, сондай-ақ жергілікті және республикалық деңгейдегі квазимемлекеттік субъектілерінде – 26 іс-шара жүргізді.

 

Жүргізілген мемлекеттік аудит іс-шараларымен 35 498,3 млн бюджет қаражаты және мемлекеттік активтер қамтылып, жалпы сомасы 11 108,4 млн теңге көлеміндегі қаржы бұзушылықтары анықталды,-деп мәлімдеді.

 

Бөлім басшысының айтуынша, «Жыл қорытындысымен облыстық құқыққорғау органдарына тиісті процессуалдық шешімдер қабылдануы үшін 31 аудиттік материал жолданып, оның ішінде 19 бойынша қылмыстық істер қозғалған.

 

2018 жылдың қорытындысы бойынша Департаментпен жүргізілген аудиттік шаралар нәтижесінде 93 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып және 303 тұлғаға қатысты әкімшілік-құқықбұзушылық бойынша 22 390 000 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

 

Бүгінгі күні 20 666 957 теңге бюджетке өндірілді және 1 723 592 теңге айыппұлды мәжбүрлі түрде орындату тәртібімен өндіру жұмыстары жүргізілуде».

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему