Ақтауда самбодан ел біріншілігі өтеді
18 Февраля 2015 (10:40) | 1409 | Автор: Нұрганым Имашева
Сәуір айының 9-12 аралығында алғаш рет Ақтау қаласында самбодан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 1995-1996 жылы туылған алты жүзге жуық спортшы қатысады деп күтілуде. Байрақты бәсекеде облыс намысын 10 салмақ дәрежесінде 20 ұл мен 10 қыз қорғамақ.
«Мұндай кең ауқымда жарыс өткізу мәртебесі бізге бұйырғанына өте қуаныштымыз. Бұл бізге артылған үлкен үміт, сол үдеден шығамыз деген сенімдемін. Жарыстың ашылуына Қазақстан Республикасы самбо федерациясының Президенті С. Мейірбековтің өзі арнайы келеді деп күтілуде. Қазіргі таңда айтулы додаға дайындықты бастап кеттік. Спортшыларымыздан үлкен үміт күтеміз, жүлделі орыннан көрінеді деген сенімдеміз»,-дейді самбодан облыстың бас жаттықтырушысы Манарбек Бисекенов.
Аталмыш жарыста топ жарып, алтыннан алқа таққандарға «Қазақстан Республикасының спорт шебері» деген атақ беріледі. Сондай-ақ, жеңімпаздар Ригада өтетін Әлем чемпионатына және мамыр айында Ашгабадта өтетін Азия чемпионатына жолдама алады.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему