Мұнайлылық параспортшы үстел теннисінен ел чемпионы атанды
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 20:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлылық параспортшы үстел теннисінен ел чемпионы атанды

29 Мая 2023 (16:57) | 1422 | Автор: Редакция

Мұнайлылық параспортшы Ақтөбе қаласында ҚР VI жазғы параолимпиадалық ойынында үстел теннисінен ел чемпионы атанып, алтын медаль алды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт додасына еліміздің әр түкпірінен тірек-қимыл аппараты зақымданған 200-ге жуық спортшы қатысқан.

Үстел теннисінің нәтижесі бойынша Мұнайлы ауданына қарасты Маңғыстау ауылының 33 жастағы тұрғыны Мейірбек Өтепов дайындығы мен ептілігін көрсетіп, ақтық мәреге шықты. Ол финалда Павлодар қаласының сәйгүлігі, ҚР 21 дүркін чемпионы Владимир Капличті жеңіп, алтынды Маңғыстаудың қоржынына салды.

-Ақтық мәреде ешқашан жеңіліп көрмеген Владимир Капличпен кездестім. Өте қиын болды. Осы жолы бағым мен бабым қатар шауып, 3:1 есебімен ұтып, жеңіс тұғырынан көріндім. Бірінші жаттықтырушым Алишер Рохимбоевқа және тілеулестеріме рахмет айтамын,-деді Мейірбек Өтепов.

Айта кетейік, Мейірбек Өтепов отбасылы, 5 баласы бар. Үстел теннисімен 5 жылдан бері айналысады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему