Өзекті мәселелерді шешу мақсатында тексеріс жүргізілді
14 Июля 2018 (17:26) | 3781 | Автор: Нурганым Имашева
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ақтау қаласындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында кезекте тұрған адамдардың көбеюі салдарынан қарбалас туындап, аға кезекші маман қызмет алушыға жалақының аздығы себебінен қызметкерлердің жетіспейтіндігін алға тартқан болатын. Бұл жайында 12.07.2018 жылы tengrinews.kz ақпараттық порталында мақала жарияланған.
Осыған орай, Департамент басшысы Н.Жанназарова, ІІД бастығының орынбасары Б.Нысанбаев және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Е.Байжігіттің қатысуымен мамандандырылған бөлімде өзекті мәселелерді шешу мақсатында тексеріс жүргізілді». -Департамент басшысы Н.Жанназарова қызмет алушылар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында халықпен пікір алмасты. Нәтижесінде күту залының орындықтары көбейтіліп, кезек ретін көрсететін электронды табло мониторлары артты.
Сондай-ақ, кептелісті азайтуға бағытталған шаралар қабылданып, ауысым қызметкерлермен толықтырылды.
Болашақта мамандандырылған бөлімде банк кассаларын ашу, кадр жай-күйі және ғимараттың жөндеу мәселелері бойынша жоғары тұрған органға ұсыныс енгізу туралы шешім қабылданды,- делінген арнайы тексерістің нәтижелері туралы Департаменттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему