Маңғыстауда коммуникациялық стратегиясының заманауи үрдістері талқыланды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 23:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда коммуникациялық стратегиясының заманауи үрдістері талқыланды

1 Июня 2018 (21:27) | 2096 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық сотында сот жүйесін ілгерілетудің 7 бағытының бірі - коммуникациялық стратегияның негізгі бағыттарын түсіндіру, сот жүйесінің БАҚ-пен байланыс жұмысын жаңа бағытта дамыту, сот имиджін арттыру және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жолдарын талқылау мақсатында«Сот жүйесінің коммуникациялық стратегиясының заманауи үрдістері» тақырыбында семинар өткізілді.

 

 

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының судьясы, БАҚ-пен байланысын үйлестірушісі А.Молбаева, аудандық соттардың БАҚ-пен байланысын үйлестіруші судьялар мен сот қызметкерлері қатысты. 

 

Семинарда сөз алған А.Молбаева «Сот жүйесін ілгерілетудің 7 түйіні» бойынша атқарылатын жұмыстар мен оларға ақпараттық қолдау көрсету, коммуникациялық стратегияның негізгі талаптары туралы айтты. Сондай-ақ, ол  облыстық сотта «Сот жүйесін жетілдірудің басым бағыттарын» жүзеге асыру үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, халықтың нақты қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғам мен соттар арасындағы тиімді қарым-қатынасты орнату мақсатында құрылған «Оңтайлы орта» бағдарламасы Жоғарғы Соттың коммуникациялық стратегиясы болып табылатынына тоқталды. Ал, сот шешімдерін түсіндіру, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарына «ашық сот» жағдайын жасау, БАҚ пен жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау үшін судьялар мен сот қызметкерлерінің ынталандыру шараларын арттыру, коммуникация арналарын тиімді пайдалану, соттардан беделді спикерлер пулын құру аталған жобаның негізгі міндеті екендігін жеткізді.

 

 

Одан әрі «Сыртқыортадағыақпараттықжұмыс және судьялар мен сот қызметкерлерініңішкімотивациясынарттыру.БАҚ-пен байланыс жұмысындағы қателіктер. Әлеуметтік желідегі жұмыстарды жүргізу тәсілдері» атты тақырыпта ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Г.Нұрханова баяндама жасады. Арнайы дайындалған көрнекі слайд арқылы қатысушыларға әлеуметтік желінің соттағы рөлін, сот пен БАҚ-тың байланысының маңыздылығын егжей-тегжейлі түсіндірді.

 

Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша бас маман Н.Өтеулиева сот ғимаратына өткізудің жаңа қағидаларын түсіндірді.

 

Жиын барысында судьялар мен сот қызметкерлерінің БАҚ-қа ақпарат беру тәртібі, қателіктер мен өзін ұстау, ақпаратты дайындау, іс-шараларды сәтті ұйымдастырып, оларға журналистердің қатысуын қамтамасыз ету бағытында тренингтер көрсетілді.

 

 

Қатысушылар ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жүргізуде кездесетін қиындықтар, мәселелер туралы ойларымен, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, жүктемесі көп, базалық соттарға немесе облыстық сотқа техникалық жұмыстарды атқару, көпшілік іс-шараларын ұйымдастыру жұмысымен айналысатын бір штат бөлу қажеттігі туралы ұсыныс білдірді.

 

Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар соттар туралы сапалы ақпарат бере алатын спикерлер пулын құру туралы шешімге келді,- деп хабарлайды осы жаңалықпен бөліскен Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

.

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему