Урологтар айрықша операция жасады
Курс валют в Актау
на 19/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
19 Апреля, 08:09
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Урологтар айрықша операция жасады

17 Января 2017 (15:30) | 1805 | Автор: Мира Ботабекова

 

Маңғыстау өңірінің тарихында алғаш рет ағзаның зәр шығару жолына лапароскопиялық операция жасалды. Бұл туралы «Хабар24» арнасы хабарлады.

Бұған дейін бүйректегі тасты алу үшін денеге ұзындығы 20 сантиметрлік тілік жасалатын. Ол науқастың тез сауығуына кедергі келтіретін. Ал лапароскопия әдісі бойынша науқас келесі күні-ақ аяғына тік тұрып, бірер аптада құлан таза айығып кетеді.

Облыстық ауруханадағы урология бөлімшесі жыл басынан бері 10 адамға емдік шаралар көрсетіпті. Жалпы жаңа технология көмегімен денеге тілік түсіретін операциялар саны 15%-ға азайған.

Мұхамеджан Нұрғазиев, облыстық аурухана директорының орынбасары:

- Осы жылы лапароскопиялық әдіспен жасалатын операциялар санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Тек қана несеп жолдарына байланысты емес, хирургиялық оталардың да санын көбейткіміз келіп отыр және операциялардың барлығы да Маңғыстау тұрғындарына тегін көрсетіледі.

 Жолдыбай Қабышев, науқас: - Қандай ем қолдансам да, бүйректе жиылған тас өздігімен шыға қоймады. Он жылдай зардабын тартқан сырқатымнан біржола айықтырған дәрігерлерге ризамын.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему