Жауынгерлік корабльдер Каспий теңізінің акваториясында теңіз және әуе нысандарын жойды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 19:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Жауынгерлік корабльдер Каспий теңізінің акваториясында теңіз және әуе нысандарын жойды

27 Марта 2023 (15:27) | 1469 | Автор: Редакция

Оқу-жаттығу Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжановтың басшылығымен өтті.

Бірінші кезеңде бөлімдер мен бөлімшелер арнайы техника мен корабльдерді ұрысқа қолданатын аймақтарға шығарып, жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді.

Екінші кезеңде жаттығудың мақсаты анықталып, командалық құраммен жауынгерлік іс-қимылды орындау туралы шешім қабылданды. Үшінші кезеңде корабльдер белгіленген аудандарға шығып, теңізшілер қарсыластың әуе шабуылы құралдарын тойтару мәселелерін пысықтады. Олар қарсыластың түрлі нысандарына іс жүзінде атыс жүргізе отырып, корабльге қарсы және минаға қарсы қорғанысты ұйымдастырды. Маневрлер барысында майдан авиациясының жауынгерлері тартылып, оларды корабль пунктінен басқару жүзеге асырылды.

– Жаттығуда қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың ерекшеліктері де ескерілді. Экипаждардың жеке құрамы сауатты және үйлесімді әрекет етті. Қойылған міндеттер толық деңгейде орындалды, – деп түйіндеді 3-дәрежелі капитан Бауыржан Баймұханов.

Жаттығуға Әскери-теңіз күштерінің зымыран-артиллериялық корабльдер, Әскери-әуе күштерінің Су-27 ұшақтары және Ми-8 көлік-жауынгерлік тікұшақтары қатысты. Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басшылығымен жауынгерлік дайындық жоспары бойынша мұндай жаттығулар жылына бірнеше рет өткізіледі.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему