Маңғыстау облысында Билер кеңесінің филиалдары құрылды
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 02:40
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысында Билер кеңесінің филиалдары құрылды

16 Июня 2020 (12:03) | 2533 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық сотында онлайн режимде «Маңғыстау облысының Билер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің Жаңаөзен қалалық және Мұнайлы аудандық филиалдарын ұйымдастыру және құру» тақырыбында іс-шара өткізілді. Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы Нұршат Өтеулиева хабарлады.

 

 

Онлайн форматта өткен іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсапа Примашев және судьялары, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің өкілдері, Билер кеңесінің мүшелері, медиаторлар қатысты.

 

Дауларды соттан тыс реттеу институттарын дамыту - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының басым жобаларының бірі. Осы орайда, қоғамдағы дау-жанжалдарды азайту үшін халықпен жұмыс істеудің бірыңғай алаңын құру мақсатында 2019 жылдың сәуірінде Ақтау қаласында Билер кеңесі құрылып, өз жұмысын бастады.

 

-Тәжірибе көрсеткендей, Маңғыстау облысы Билер кеңесінің қызметі азаматтар арасындағы дауларды татуласу арқылы шешуге көмектесті. Кеңес құрамына тараптарды сотқа жеткізбей-ақ татуластыра алатын беделі мен өмірлік тәжірибесі ұштасқан азаматтар, оның ішінде ардагерлер мен қоғам қайраткерлері таңдалып, олар билердің тарихи дәстүрлерін қолдана отырып, дауласушы жақтарды татуластыруға үлес қосты.

 

Маңғыстау облыстық соты Билер кеңесімен бірлесіп, облыс орталығы Ақтау қаласындағы Билер кеңесі рөлінің оң тәжірибесін, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы мен Мұнайлы ауданындағы әлеуметтік, азаматтық және экономикалық даулардың көптігін және Жаңаөзен қаласының облыс орталығынан шалғайда орналасқанын ескере отырып, қос аймақтан Билер кеңесі филиалдарын ашу туралы шешім қабылдады,- дейді Нұршат Өтеулиева.

 

 

«Сот төрағасы Ержан Даулиев өңірде татуластыру орталығы, университетте медиация орталықтары, кәсіподақ орталығында және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Маңғыстау өңірлік филиалында татуластыру секторлары жұмыс істейтінін, бірақ бұл - қоғамдағы даулы жағдайлардың деңгейін төмендетуге жеткіліксіз екенін атап өтті.

 

Оның үстіне, қазіргі кезде пандемияға байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайдың салдарынан отбасы-құқықтық, еңбек және кәсіпкерлер арасындағы даулар саны біршама артқан. Осы орайда, сот төрағасы Мұнайлы ауданы мен Жаңаөзен қаласындағы Билер кеңесінің филиалы қоғамдағы дау-дамайды азайтуға айтарлықтай үлес қосатындығына сенім білдірді.

 

Іс-шара соңында Ержан Даулиев атқарылған жұмыс аз емес, алайда, алда күтіп тұрған тың міндеттер де жетерлік деп, қатысушыларды осы бағытта қойылған мақсаттарға жету үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды»,- делінген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы таратқан ақпаратта.

 

Суреттер баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему