Ақтауда «Ең үздік газ-түтіннен қорғаушылар буыны» жарысы өтті
8 Сентября 2019 (09:35) | 2967 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» ұйымдастыруымен Ақтау қаласының №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында «Ең үздік ГТҚҚ буыны» жарысы өтті. Жарысқа 10 команда қатысты.
Бұл туралы біздің басылымға Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының жетекшісі Рукия Сычева хабарлады.
«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау подполковнигі Х. Амирбеков жиналған қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде «Жарыстың мақсаты – өрт сөндірушілердің дағдыларын жетілдіру және тиімді нәтижеге қол жеткізу»,- деп атап өтті.
Жарыс екі кезеңнен тұрды, бірінші кезең өрт сөндіру бөлімдерінде өтті. Кейін ең үздік газ-түтіннен қорғаушылар, жарыстың екінші (соңғы) кезеңінен өту үшін ең үздік ГТҚҚ буыны жарысына жіберілді.
Соңғы кезең 4 тапсырмадан тұрды: (жауынгерлік тексеру, құтқару арқанының көмегімен оқу мұнарасының 4-қабатынан зардап шеккендерді құтқару (түсіру) (құтқарылған адамның рөлін маникен орындады); жылу түтін камерасындағы шытырманнан өту, жылу түтін камерасы – бұл нақты өрт жағдайының еліктеуінің арнайы оқу-жаттығу кешені; қорытынды тапсырма – автоцистернадан жауынгерлік қанат жаю.
-Жарыстың қорытындысы бойынша «Ең үздік ГТҚҚ буыны» ретінде Ақтау қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің командасы жеңімпаз атанды, «Ең үздік бекетші» номинациясы бойынша №11 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Әбдіғапар Ерболат Балахметұлы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар берілді,-деп мәлімдейді баспасөз қызметінің жетекшісі.
Суреттерді түсірген Рукия Сычева
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему