Қарақиялық балуандар облыстық чемпионатта топ жарды
Курс валют в Актау
на 29/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Понедельник,
29 Апреля, 00:22
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Қарақиялық балуандар облыстық чемпионатта топ жарды

9 Января 2023 (13:17) | 856 | Автор: Редакция

Қарақиялық жас балуандар Ақтау қаласында қазақ күресінен өткен өңір спортшыларының чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сайыс 2006-2007 жылы туған және 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында өтті. Қарақия ауданының спортшылары кіл мықтылар белдескен додада бақ сынап 2 алтын, 3 күміс, 2 қола иеленді.

Атап айтсақ, 2006-2007 ж.т спортшылары арасында 44 келіде Рашид Ақбаян І орынды, 70 келіде Жанарыс Төлесін ІІ орынды иеленді.

Сонымен қатар, 2008-2009 ж.т балуандар арасында 38 келіде Дулат Құлбош І орын, Аян Абдрахман ІІ орын, 42 келі салмақ дәрежесінде Ернар Ержанов ІІ орын, 46 келі салмақ бойынша Нұрасыл Баймағамбетов ІІІ орын, 65 келі бойынша Смадияр Жұмағали ІІІ орын алды.

Айта кетейік, жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алып өңір намысын қорғайтын болады.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему