Маңғыстаулық кәсіпкерлер «Алтын сапа» сыйлығымен марапатталды
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 19:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық кәсіпкерлер «Алтын сапа» сыйлығымен марапатталды

8 Декабря 2022 (12:51) | 1596 | Автор: Редакция

7 желтоқсан күні Астана қаласында  Қазақстан Республикасы Президентінің  «Алтын сапа» сыйлығының және «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды. Марапатталғандардың ішінде маңғыстаулық кәсіпкерлер де бар, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы өңірлік «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен сапа саласында жетістіктерге жеткен кәсіпкерлер қатысты. Лауреаттарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марапаттады. 

 

 - Біз бұл конкурсты жыл сайын өткізіп, табысқа жеткен кәсіпкерлерге құрмет көрсетеміз. Сондай-ақ, әлеуметтік жауапкершілік танытқан, ел өміріне бей-жай қарамаған кәсіпорындарды марапаттаймыз. Осы күнге дейін еліміздің 160-тан астам компаниясы «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атанды. 365 кәсіпорынға «Парыз» сыйлығы табысталды. Бұның барлығы отандық бизнестің қарқынды дамып келе жатқанын аңғартады. Жалпы 2005 жылдан бері шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі  үш есе өсті. Яғни, ол қазір ел экономикасының 34 пайызына жуықтады. Бүгінде осы салада 3,5 миллоннан астам адам жұмыс істейді. Бұл – еңбек ететін халықтың 40 пайызы деген сөз. Тағы бір жетістік былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты рекордтық көрсеткішке, 20 млрд долларға жетті. Осы жылдың соңына дейін жалпы құны 2 трлн теңге болатын 160 жоба жүзеге асырылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

2022 жылдың қорытындысы бойынша халыққа арналған тауар шығаратын  үздік кәсіпорындар ретінде кәсіби киім мен аяқ киім өндірісі бойынша «Zhamal-ai LTD» ЖШС және қызмет көрсету бойынша үздік кәсіпорындар болып мұнай және газ саласындағы геологиялық барлауды жобалау және консалтингтік қызмет көрсететін «Optimum жобалау институты» марапатталды.

 

ҚР Президенінің  «Алтын сапа» сыйлығы жыл сайын беріледі. Байқаудың басты мақсаты – отандық өнімнің сапасын арттыру. Ұйымның өнім немесе қызмет сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізуі, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізуі – байқаудың негізгі критерийлері.

 

Биыл байқауға қатысуға 281 компания өтінім берді. «Алтын сапа»  сыйлығын алу байқауы 2006 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Осы жылдар ішінде байқауға республиканың 2,2 мыңнан астам кәсіпорны қатысты. Осы уақытқа дейін Мемлекет басшысының сыйлығына 160-тан аса кәсіпорын ие болды.

 

Салтанатты шара аясында «Iскер», «Бизнес кемелділік», «АруАна», «бизнесте тану» сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды. «Іскер" сыйлығы» Мемлекет басшысының «Алтын сапа» сыйлығын алуға үміткер әрі «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысқан, өз саласында үздік деп танылған кәсіпорындарға беріледі.

 

Биыл «Іскер» арнайы сыйлығын маңғыстаулық екі компания иеленді.  Мұнай өнеркәсібі жабдықтарын өндіру және жөндеумен айналысатын «OSS Kazakhstan» ЖШС-і және нәрестелерге арналған киім тігетін  "Rakhim baby" ЖК марапатталды.

 

 - Бүгін біз «Іскер» жүлдесін жеңіп алдық. Бұл – біздің кәсіпорнымыз үшін үлкен мақтаныш. Бүгінгі жеңіс – ұжымымыздың ортақ жеңісі. Маңғыстауда жасалған тауардың экспортқа шығып, сұранысқа ие бола алатынын дәлелдеп келеміз. Сол еңбегіміздің бағасы деп ойлаймын. Шағын кәсіпорынға мұндай атақты алу – үлкен жігер береді, - деп атап өтті кәсіпкер Майра Рзабекқызы.

 

Ал, тағы бір мерейлі марапат бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша «Үздік ұжымдық келісімшарт» аталымы аясында «Парыз-2022» жүлдесі «CASPI BITUM» ЖШС-не бұйырды.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему