«ROBOLAND-2022»: ақтаулық оқушылар халықаралық жарыста топ жарды
9 Ноября 2022 (18:26) | 1432
|
Автор: Редакция
Ақтаулық оқушылар халықаралық жарыста топ жарды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3-5 қараша аралығында Қарағандыда халықаралық VІІ «Roboland-2022» робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтті.
3 күнге созылған халықаралық жарысқа Грекия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірінен 800-ден астам адам қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша Фариза Оңғарсынова атындағы №29 жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушылары Ақбота Қолғанат пен Аружан Бекқали «Су лабиринті» категориясы бойынша топ жарды. Жетекшісі - Марат Атаназаров.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему

Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz



