Маңғыстаудың шағын ауылында аяқ киімдер шығарыла бастады
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 13:47
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаудың шағын ауылында аяқ киімдер шығарыла бастады

5 Декабря 2019 (16:10) | 4895 | Автор: Редакция

Қарақия ауданы, Құрық ауылында «Аishah- shoes» аяқ киім өндіру шеберханасы ресми түрде ашылды. Игі шараға Қарақия аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысы Алия Жұмабайқызы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы директоры Аманат Махмутов пентұрғындар қатысты.

 

 

Айнұр Тоқбаева «Ersai» компаниясының «Орталық Азияның Евразия қоры» жобасынан 1 млн 300 мың теңге грант ұтып алған болатын. Жаңа істітуыстарымен бірігіп қолға алып, отбасылық кәсіпке айналдырды. Өңір тұрғындарының қызығушылығын тудырған отандық өнімніңаясы кеңейіп, Шайыр ауылынан да ашылды.Қазір шеберхана ер адамдарға арналған қыстық аяқ киімдер топтамасын тігіп, тұтынушыларға ұсынып отыр.Жалпы мұнда аяқ киімнің 10 түрі тігіліп келеді. Айына 50 шақты аяқ киім дайындауға қауқарлы.

 

 

Айнұр Тоқбаева: «Аяқ киімдер сиыр терісінен, ішкі жағы қойдың жүнінен тігілген. Аяқты терлетпейді, ыңғайлы әрі сапалы. Тапсырыстар қабылданып жатыр. Шикізаттар Шымкент қаласынан, Түркия мен Өзбекстаннан да тасымалданады»,-деп отыр.

 

 

Аяқ киімдер нарықтан әлдеқайда төмен, көпшілікке қолжетімді. Мәселен қысқы етіктер 22 мың теңге болса, кроссовкалар 18 мың теңгені құрайды.«Мұндай кәсіп түрі ауданда бұрын-соң болған емес. Ерекше бизнес жобаға қайтарымсыз қаражат берілді. Өнеркәсіп саласының дамуы отандық өнімнің серпілісіне үлес қосады»,- дейді «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалы директоры Аманат Махмутов.

 

 

Шеберхана үш адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл кәсіпті ашу үшін отбасы мүшелері Нұр-Сұлтаннан аяқ киім тігу әдісін арнайы үйреніп келген. Кәсіптің қыр-сырын білетін мамандар тағы да қажет екен.  Осы бизнес аяқтан нық тұрып, үлкен айналым алып кетсе, әйелдер аяқ киімін де тігіп шығару жоспарда бар.

 

 

Фото Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему