Ақтау гарнизонында ашық есік күні өтті
4 Ноября 2022 (17:58) | 1552 |
Автор: Редакция
Ақтау гарнизоны әскери теңіз күштеріне қарасты әртекті кемелер дивизионында жас матростар мен ұлттық ұлан сарбаздарына ашық есік күнін өткізді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шара барысында қатысушыларға әскери техникалар мен жауынгерлік киім үлгілері көрсетіліп, замануи үлгідегі атыс қаруының мүмкіндіктері туралы түсінік берілді.
Сондай-ақ, көрмеге келуші отбасылар әскери кемеде экскурсия жасап, матростардың күнделікті тыныс-тіршілігімен танысып, жеткен жетістіктерінен хабардар болды.
-Біздің бағытымыз әртүрлі болғанымен мақсатымыз бір. Ол Отанымызға адал қызмет ету. Біз, Ұлттық ұлан әскерлері елдің ішкі тыныштығына жауап беретін болсақ, Әскери теңіз күштерінің сарбаздары елімізде тендесі жоқ Каспий теңізінің бекітілген акваториясындағы тыныштығын қамтамассыз етеді. Жалпы, бүгінгі ұйымдастырылған шара жоғары деңгейде өтті десем болады, - деді ұлттық ұлан сарбазы, қатардағы жауынгер Жандос Қасымбеков.
Жиын соңында қатысушылар ашық есік күнін ұйымдастырған бөлім басшылығына ризашылығын білдірді.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему