Маңғыстау облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы «Борышкер-2016» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде
22 Августа 2016 (17:36) | 3447 | Автор: Нурганым Имашева
Әкімшілік полиция басқармасынан келіп түскен ақпаратқа сай, ағымдағы жылдың 7 айында Маңғыстау облысы бойынша 115 мың 202 жол қозғалысы ережесінің және қоғамдық тәртіпті бұзушылық тіркелген, осы құқық бұзушылықтар бойынша 646 млн. 763 мың 829 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, мемлекет есебіне оның 387 млн. 191 мың 239 теңгесі өндіріліп, өндіру пайызы - 59,80% құрады.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысы Ішкі істер органымен 259млн. 572 мың 590 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл өндірілмей қалуда.
Борышкерлерді анықтау және оларға мәжбүрлеп орындату шараларын қолдану мақсатында ағымдағы жылдың 15 мен 24 тамыз аралығында облыс аумағында Әділет Департаменті өкілдерімен бірлескен түрде «Борышкер-2016» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Маңғыстау облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы:
- Осы іс-шараны өткізу барысында БАҚ өкілдерімен бірге облыстың автожолдарында әкімшілік айыппұлдарды төлеуден бас тартып жүрген құқық бұзушыларды анықтап, оларға тиісті автокөліктерді алу арқылы рейдтік шаралар ұйымдастырылған. Сонымен қатар, облыстың ІІО қызметкерлерімен борышкерлердің мекен-жайлары бойынша үй аралау және қосымша құқық бұзушылық үшін қолданылатын жауапкершілік шаралары түсіндіріліп, хат-ескертулер таратылады.
Анықтама үшін, Қазақстан Республикасы ӘҚбТК-нің 811 бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салынған құқық бұзу жасаған тұлға, жеті тәулік ішінде көрсетілген айыппұл сомасының 50 (елу) пайызын төлеуге құқылы.
Жоғарыда көрсетілгендер негізінде,
Құрметті тұрғындар!
Құрметті қала қонақтары!
Облыс орталығының аумағында «Борышкер-2016» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуіне байланысты ІІО-мен салынған төленбеген әкімшілік айыппұлдарыңызды тексертіп, заңда көрсетілген мерзімде төлеп, төленген түбіртектеріңізді келесі мекен-жайлар бойынша тапсыру қажет: 23шағын аудан МАИ ескі ғимараты, №108 терезе, 3б шағын аудан ІІД ӘПБ ғимараты №218, 223 кабинеттер.
Сонымен бірге, техникалық құралдар арқылы тіркелген жол-қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзушылықтарды тексертіп, тиісті айыппұлдарды төлеп, 23 шағынауданға (МАИ әкімшіілк ғимараты, №109 терезе) ұсыну қажет,- деп ескертеді.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему