Маңғыстаулық велоспортшы халықаралық жарыста топ жарды
20 Сентября 2022 (13:09) | 822 |
Автор: Редакция
Маңғыстаулық спортшы Сергей Пономарёв олимпиадаға дейін рейтингтік ұпай жинайтын іріктеу жарыстарының тізіміне кіретін сайыстан екі алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыс 17-18 қыркүйек аралығында Испания, Барселона қаласында Trofeu Internacional de Pista Cuitat de Barcelona «Memorial Miquel Poblet» өтті.
Атап айтқанда «Кейрин» бойынша 1 орын және «Спринт» бойынша 1 орынға ие болды.
Жаттықтырушы Жанұя Сеитованың айтуынша, Сергей велоспорттың “кейрин” түрінен өткен сайыста Ирландия Және Ұлыбритания елінің спортшыларын басып озып, алтын жүлдегер атанды.
Сондай-ақ, «Спринт» бойынша 3 орынға Норвегия елінің спортшысын, 2 орынға Ұлыбритания елінің спортшысын қалдырып, 1 орынды қазақстандық Сергей Пономарёв еншіледі.
Жарыста 10 мемлекеттен 70-ке жуық спортшы бақ сынады.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему