Алтын қолды дәрігер
Курс валют в Актау
на 26/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
26 Апреля, 02:05
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Алтын қолды дәрігер

14 Июня 2017 (17:17) | 3234 | Автор: Мира Ботабекова

Ақтаулық дәрігер Нұрлан Жақиев аймақта пышақсыз ота жасауды жетік меңгерген білікті мамандардың бірі. Ол 6 жылдан бері Маңғыстау облыстық перинаталдық орталықта ана мен бала өмірін сақтап, науқас әйелдерге ана болу бақытын сыйлап жүр. Эндоскопиялық хирургия саласындағы "Алтын эндоскоп" атағын иеленген дәрігер 2015 жылы "Жыл адамы" атанған еді. «Дәрігер білімін өмір бойы жетілдіруі тиіс», деген қағиданы ұстанатын Нұрлан Жақиевтың әлі талай белестерді бағындыратынына сенімдіміз.

 

 

Облыстық перинаталды орталықтың эндоскопиялық және реконструктивті гинекология бөлімі - ана мен бала өмірі құтқарылатын конвейер іспетті. Мұнда күндіз-түні пышақсыз операциялар жасалады. Бөлім басшысы Нұрлан Жақиев бірнеше жылдың ішінде 5 мыңға жуық әйелге ана болу бақытын сыйлап үлгерді. Білікті дәрігер жаңа туған нәрестелерге де озық үлгідегі ота түрін жасап жүр. Ол жаңа тәсіл бойынша кезекті операцияны сәтті аяқтады.

 

Зарина Нұрәділова, есмделуші:

-Эндоскопиялық операциядан кейін адам аяққа тез тұрады екен. Денеңе пышақ тимейді. Маған кеше ғана ота жасап еді, бүгін үйге шыққалы жатырмын. Кең жүректі, алтын қолды дәрігер Нұрлан Жақиевке алғысым шексіз.

 

Нұрлан Жақиев дәрігерлер әулетінің өкілі. Ата-анасы, бауырлары, тіпті нағашы жұрты да медицина саласының қызметкерлері. Сондықтан мамандық таңдауда ешбір ойланған жоқ. Ол жоғары оқу орнында бала дәрігері мамандығын меңгерді. Ізденімпаз дәрігер кейінірек медицинадағы тың жетістіктерді үйреніп, эндоскопиялық ота жасаудың хас шеберіне айналды.

 

 

Нұрлан Жақиев, облыстық перинаталды орталықтағы эндоскопиялық және реконструктивті гинекология бөлімінің меңгерушісі:

-Жұмысымыз оңай деп айта алмаймын. Өте жауапты. Бірақ мен адамдарға қуаныш сыйлау арқылы ләззат аламын. Себебі мамандығымды сүйемін. Адам өз кәсібінде жетістікке жету үшін жұмысын жақсы көру аздық етеді. Үнемі ізденіп отыруы керек.

 

 

Нұрлан Жақиев былтырдан бері медицинаның соңғы жетістігі - "3Д" өлшемінде оталар жасай бастады. Айрықша операцияларды жасауға перинаталдық орталықта барлық жағдай қарастырылған. Заман талабына сай жабдықталған мұндай операция залдары еліміз бойынша санаулы ғана. Бұл жерде әлемде жасалатын күрделі оталарды көріп, қашықтан білімін жетілдіруге мүмкіндік те бар. 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему