Мемлекет қазынасына 812 млн. теңге түсім түсірді
Курс валют в Актау
на 29/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Ноября, 04:11
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мемлекет қазынасына 812 млн. теңге түсім түсірді

16 Марта 2017 (10:44) | 1347 | Автор: Нурганым Имашева

 

«Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалында «Мемлекеттік қызметтер көрсету» тақырыбында жиын ұйымдастырылды.

Басқосуда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалы – жер кадастры, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті директорының орынбасары Мұрат Тасыров баяндама жасап, өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Мемлекет Басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында Ұлт жоспарының «100 қадамы» аясында елімізде халық алдында ашық және есеп беретін мемлекет қалыптастыру бойынша бірқатар іс-шаралар іске асырыла бастады.

Облысымызда халыққа қызмет көрсету орталығы, БТИ, жер кадастрлары жөніндегі мекемелер біріктіріліп, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалы – жер кадастры, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті болып қайта құрылды.

Департамент директоры орынбасарының мәлімдеуінше, «Департамент құрамында облыстың аудан-қалаларында бөлімдері жұмыс жасайды. Онда 216 қызметкер бар. Өткен жылы департамент халыққа 35208 қызмет көрсетіп, қазынаға 812 356 млн. теңге түсім түсірген».

-Халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру бірінші кезекте, нақты нәтижелер бойынша бағаланатын мемлекеттік басқаруға көшу болып табылады.

Ол үшін тәртіптік бақылау жүйесінің тек қана мақсаттық индикаторларға қол жеткізуді бақылауға негізделуі ұсынылады.

 «Ашық мемлекетті» енгізу үшін ақпарат алу туралы Заңға тиісті өзгерістер енгізілді. Бұл ретте Қазақстан азаматы мемлекеттік құпия мен Заң арқылы қорғалатын өзге де ақпараттан басқа мемлекеттік органдардың кез-келген мәліметін ала алады.

Мемлекеттік органдар басшыларының өздерінің стратегиялық жоспарлары мен аймақты дамыту бағдарламаларындағы негізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі жөнінде  халық алдында жыл сайын есеп беруі Заңмен бекітілді, олардың есептерін арнайы веб-сайттарда орналастыру міндеттелді.

Оларда барлық бюджеттік және шоғырландырылған қаржы есептілігі, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызмет көрсетуді қоғамдық бағалаудың нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалысы туралы есептер жарияланатын болды.

Ұлттық жоспардың «100 қадамы» - бұл біздің мемлекетті реформалаудың қадамдық тетіктерінде тұтас қазақстандық қоғамды жетілдіру мен дамытуға бағытталған түбегейлі қадамдар қарастылыған.

Ал оларды жүзеге асыру-әрбір азаматтың және тұтас мемлекеттің өміріне зор әсер етері сөзсіз,-деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы АҚ-ның Маңғыстау облысы бойынша филиалы – жер кадастры, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті директорының орынбасары Мұрат Тасыров.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему