Ақшымырау ауылында асық ату мен шағын футболдан жарыс өтті
Курс валют в Актау
на 02/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
2 Мая, 23:04
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақшымырау ауылында асық ату мен шағын футболдан жарыс өтті

11 Июля 2022 (17:29) | 1986 | Автор: Редакция

Маңғыстау ауданына қарасты Ақшымырау ауылында асық ату мен шағын футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорттық шара қасиетті құрбан айт мерекесіне орай 9 шілде күні ұйымдастырылған. Мектеп оқушылары мен ауыл балалары арасында өткен жарысты Тобанияз атындағы орта мектепті 2003 жылы бітірген түлектер ұйымдастырған. Шағын футболға 9 команда қатысса, ұлттық ойын асық атуға да оннан астам бала қатысқан.

Үшінші орынды 11-сынып оқушыларынан құралған «2006» командасы алса, екінші орын 8 сыныптың «Болашақ» командасына, бірінші орын 10 сынып оқушыларынан құралған «Жалын» командасына бұйырды. Жеңімпаз командалар мен үздік ойын көрсеткен жекелеген қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хат пен ақшалай сыйлық табысталды.

Айта кетейік, ақшымыраулық жастар мектеп бітіргендерінің 20 жылдығана орай, «20 жылдыққа 20 игі шара» атты ерекше жоба бастаған болатын. Бұл жарыс олардың төртінші шарасы.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему