Әділдік жолынан айнымаған судья Назым Суханова 70 жаста
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 15:38
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Әділдік жолынан айнымаған судья Назым Суханова 70 жаста

18 Декабря 2016 (09:09) | 2470 | Автор: Мира Ботабекова

 

Елбасымыз бір алқалы жиында «Әділ қазылық ету – кез-келген судьяның қасиетті парызы. Ол үшін заңды бес саусақтай білу жеткіліксіз. Ең бастысы, би адал, әділ болуы керек» деп айтқан болатын. Өкінішке орай, адами қасиеті сынға түсер тынымсыз тірлікте абыройын асқақтатып, адалдығымен танылу екінің бірінің қолынан келе бермесі анық. Алайда, тағдырдың тезінен өтіп, сынынан сүрінбегендер тарихта ардақты есімімен, өнегелі ізімен қалары анық. Соңғылардың қатарынан ойып тұрып орын алған ҚР Жоғарғы Сотының доғарыстағы судьясы, бұрынғы азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Назым Таңатарқызы СУХАНОВАны құрметпен атап айтуға болады.

Еліміздің сот жүйесінде ұзақ жылдар тер төгіп, әріптестеріне үлгілі із қалдырған Назым Таңатарқызы қарапайымдылығымен, адалдығымен танылып, елдің алғысына бөленген жан. Аянбай тер төгу, тынбай іздену, адами құндылықтарды қастерлеу, кісіге қиянат жасамау, үлкенге құрмет, кішіге ілтипат білдіру – оны бүгінгі биікке жеткізіп отыр.

Бүгінгідей мерейлі сәтте Н.Суханованың өткеніне көз салсақ, ол жүріп өткен жолдың сан-салалы болғанын бағамдаймыз. Ел ішінде бейбітшілік орнап, жаңа кезең бастау алған жылдары, нақтырақ айтсақ, 1946 жылы бұрынғы Гурьев (Атырау) облысында дүниеге келген ол балалық шағын бейбіт елдің аспанында өткізді. Мектепті бітірісімен бір жыл туған жерінде еңбек етіп, артынша бағын сынап көрмек болып Кеңес Одағының кезінде Қазақстанда заңгерлерді даярлайтын жалғыз оқу орны - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің заң факультетіне ешбір кедергісіз оқуға түсіп кетті. 1967-1971 жылдары осы оқу орнында жоғары білім алып, алғашқы еңбек жолын Алматы қаласындағы криминалистік зерттеу бөлімінің кіші ғылыми қызметкері болып бастады.

1973 жылы көктемде қазіргі Маңғыстау облысына келіп, осындағы облыстық соттың мүшесі болады. 1982 жылы елде ірі реформалар жүргізіліп, Қазақстанның батыс бөлігінде Каспий теңізін жағалай жатқан Маңғышлақ пен Гурьев облыстары біріктіріледі. Сол кезде барлық құрылымдық салалар секілді облыстық соттар да бірігіп, Гурьев облыстық соты деп аталды. Ақ маржан қала Ақтауда орналасқан осы облыстық сотта Назым Таңатарқызы 1989 жылдың күзіне дейін еңбек етті. Батыс аймақтың менталитетіне тән өжеттік пен принципшілдік мінезі бар Н.Суханова осы он алты жылында өз әріптестері арасында білімділігімен және беделімен есте қалды. 362 әулие қонған киелі Маңғыстау жеріндегі еңбек жолы сот саласы қызметіндегі тәжірибесінің шыңдалуына зор үлес қосса, кейінгі биіктеріне баспалдақ болғаны анық.

Отбасы жағдайымен әрі қызмет ретімен Алматы қаласына қайта барып, қалалық сотта 1989-1994 жылдары судья болып қызмет етеді. Сол жылдары Кеңес Одағы тоқырауға ұшырап, тарап жатқан, әр ел өз алдына егемендігін алып, анадан туған сәбидей жаңа өмір бастап жатқан кез еді. Сот саласында да қиындықтар туындап, заңдар базасы қайта жасақталып, жаңа жүйемен жұмыс жасау қалыпқа түспей тұрған. Сондықтан судьялар үшін де ауыр кезең болды. Десе де, қиын жағдайдан қысылмай шығып, еңбегімен еленген Назым Таңатарқызы 1994 жылы ҚР Жоғарғы Сотына судья болып сайланды. Білімі мен білігі одан әрі қарай шыңға жетелеп, Жоғарғы Сотта азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа төрағасы қызметін бес жыл бойы атқарды. 2001 жылдан бастап ҚР Жоғарғы Сотының судьясы қызметін атқарып, 2008 жылы 62 жасында құрметті демалысқа шықты.

Еңбек жолында Назым Таңатарқызының өзіне артылған міндеттерді мінсіз әрі абыроймен атқарғанын білеміз. Судьялық қызметке аяқ басқаннан бері әр іспен жете танысып, талай тағдырдың мәселесін шешіп, сот шешімін шығарды. Оның атына айтылған халықтың алғысы мен ризашылығы да мол. Бұл Н.Суханованың қоғамда болсын, әріптестері арасында болсын абыройының асқақтай түсуіне ықпал етті.

2001 жылы ҚР Президентінің Алғыс хатымен, 2002 жылы «Құрмет» орденімен марапатталса, 2005 жылы ҚР Жоғарғы Сотының «Құрметті судья» атағына ие болды. Ал, 2012 жылы «Сот жүйесінің ардагері» медалін омырауына тақты. Сонымен қатар, Назым Таңатарқызы «ҚР Конституциясына 10 және 20 жыл» мерекелік медалдарының иегері. Мұның барлығы да әрдайым ақиқаттың ақ жолынан ауытқымай, әділдіктің туын төмен түсірмеген Н.Суханованың толассыз еңбек етуі мен өз ісіне аса зор жауапкершілікпен қарауының нәтижесінде қол жеткізілді. Оның табиғатына тән байыптылық пен байсалдылық, пайым-парасаттың молдығы мен ақыл-ойдың кеңдігі, заңгерге тән берік ұстаным мен айқын көзқарас секілді көптеген адами, кәсіби қасиеттері кім-кімге де үлгі-өнеге.

Маңғыстау облыстық сотында судьялық қызмет атқарып, ҚР Жоғарғы Сотынан құрметті демалысқа шыққан Назым Суханованың 70 жылдық мерейтойы Қазақстан Республикасының 25 жылдық орасан зор мерекесімен қатар келіп отыр. Қадау-қадау қызметтерді атқара жүріп, әрдайым елдің де, Елбасының да сенімін абыроймен ақтаған әріптес апамыздың атына айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын дегіміз келеді. Маңғыстау облыстық сотының судьялар ұжымы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему