Маңғыстауда екі трассалық-медициналық құтқару пункті жұмыс жасауда
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 13:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстауда екі трассалық-медициналық құтқару пункті жұмыс жасауда

4 Февраля 2015 (09:06) | 2315 | Автор: Нурганым Имашева

Аймақта орын алған төтенше жағдайлар кезінде құтқарушылармен қатар зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге арнайы жабдықталған көлікпен тез арада келіп жететін дәрігерлер бар. Олар апат медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету бригадасы. Осы мамандардың жедел медициналық көмек көрсетуі арқасында қаншама ажал аузындағы жандардың өмірлері құтқарылып, мүгедек болу қаупі сейілтілді. «Жүрек жұтқан» құтқарушы-дәрігерлердің өткен жылғы қызметінің нәтижелері туралы мәліметтерді оқырмандардың назарына ұсынамыз.

                  Аталмыш қызметтің былтырғы жылғы және қазіргі ахуалы туралы білу мақсатында ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің «Апат медицинасы орталығы мемлекеттік мекемесінің Маңғыстау облысы бойынша филиалының» шұғыл медициналық көмек бөлімінің басшысы Ханзира Сисембиеваға жолықтық.

                  Ханзира Серікқалиқызы 1995 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын тамамдаған. Еңбек жолын Ақтау қаласындағы жедел жәрдем станциясының желілік дәрігері қызметінен бастаған ол күрделі де, жауапты, маңызы зор жұмысты атқара жүріп, жақсы тәжірибе жинақтап, өз ісінің шебері-білікті маманға айналды. Сондықтан 2002 жылы Х. Сисембиева жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары болып тағайындалды.

                  Облыс орталығы тұрғындары арасында жедел жәрдем станциясының дәрігері болған кезде Ханзира Серікқалиқызының білікті медициналық көмегі тиіп, жанын қинаған сырқатынан жазылған адамдар өте көп екеніне күмән жоқ. Себебі табиғатынан жаны жайсаң ол тек дәрігерлік ем жасап қана қоймай, сонымен қатар науқасы меңдеп, қиналған адамды жылы сөзі мен жайдары жұмсақ мінезі, ізгі ниетімен де емдейді.

                  Бүгінгі күні осы ақ халатты абзал жан шұғыл медициналық көмек бөліміне басшылық етуде. Өзі еңбек ететін арнайы медициналық қызметтің былтырғы жылғы жетістіктерін атаған кезде Ханзира Серікқалиқызы: «2014 жылдың 1 желтоқсанында біздің облысымызда «Бейнеу» трассалық медициналық-құтқару пункті (ТМҚП) ашылған болатын. Ол елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жүзеге асырылған әлеуметтік жоба.

                  ТМҚП-жол-көлік оқиғалары кезінде заманауи шұғыл медициналық көмек көрсетуге бағытталған, ол үшін республикалық бюджеттен блок-модуль негізіндегі мобильдік ғимараттарға-23 млн. 520 000 мың, жерқұрылысы жұмыстарына-22 млн. 605 798 мың, Hyndai Country реаномобилі автокөлігін сатып алуға-23 млн. теңге бөлінді»,-деп атап өтті.

                  Бөлім басшысының айтуынша, «Мұндай медициналық көмекті ұйымдастырудың ерекшелігі- медициналық пункттің құрамына құтқарушыларды енгізу. Бұлай болуының себебі-зардап шеккендердің өмірін құтқару кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету мен құтқару жұмыстарының қатар жүргізілуі жедел жұмыстың бірыңғай кешені ретінде атқарылуы тиіс. Ол құтқару жұмыстарын шұғыл жасап, зардап шеккендерді жедел көмек көрсетумен өмірлерін сақтай отырып, емдеу мекемелеріне тез жөнелту мүмкіндігін береді. ТМҚП шұғыл әрекет ету бригадасына автожол учаскесінің 50 шақырымдық қызмет көрсету радиусі бекітілген. Кейде одан да алыс жерлерге шығуға тура келеді, ал оның өзі біздің бригаданың жету уақытының ұзаруына әкеледі. Біздің әрекетімізде уақыт факторы маңызды роль атқарады. Жол-көлік оқиғасы кезіндегі медициналық шаралардың тиімділігінің басты көрсеткіші-медициналық көмек көрсетудің ерте басталуы».

                  -2014 жылы шұғыл әрекет ету бригадалары 162 шығу (2013 жылы-144) жасап, 20 зардап шеккен адам болды, 18 құтқарылғанға медициналық көмек көрсетілді, 14 адам-көшіріліп, 1 адам қаза тапты. Дәрігерлер 10 жол-көлік оқиғасына, 43 өртке, 35 жану жағдайына, 1-жазатайым оқиға, 9-медициналық қамту, 26-республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына, 5-жалған шақыртуларға шықты. Сонымен қатар бригада құрамы облыс көлемінде ұйымдастырылатын түрлі дәрежедегі іс-шараларға медициналық қамту жасап, дәрігерлер ТЖД авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлеріне дәрістер оқып, оқу орындарында интерактивті сабақтар өткізді.

                  РКШОЖ «Көктем-2014», «Қыс-2014», «Мұнай-2014» және «АҚжӨСҚ» ММ-нің 18 тактикалық оқу-жаттығуларына қатысты,-деді Ханзира Серікқалиқызы.

                  Бөлім басшысының мәлімдеуінше, «2014 жылдың 16 қарашасынан жұмысын бастаған «Бейнеу»ТМҚП (Доссор-Ақтау автожолында Бейнеу кентіне жақын орналасқан) және 16 желтоқсаннан бастап жұмыс істей бастаған «Мұнайшы» ТМҚП-не (Ақтау-Жаңаөзен және Мұнайшы-Шетпе тас жолының жол айырығында орналасқан) штаттан тыс негізде 20 қызметкер-әрбір пунктке 10-адамнан жұмысқа қабылданды. Олар вахталық әдіспен жұмыс істейді. Бір бригадада дәрігер, фельдшер, құтқарушы, жүргізуші және диспетчер-фельдшер болады.

Осы уақыт ішінде ТМҚП «Бейнеу» бригадалары 3-жол-көлік оқиғасына шығып, 1-адамға көмек көрсетіп, 1-адамды тасымалдаса, «Мұнайшы» ТМҚП-1 жол-көлік оқиғасына шығып, 1-адамға көмек көрсетіп, 1-адамды тасымалдаған.

Өткен жылы апат медицинасы орталығының 3 дәрігері Астана қаласында біліктілігін жоғарылату курстарынан өтті».

Аталмыш медициналық көмектің негізгі қызметі-ТЖ жою кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету. Осы мамандардың көмегі қажет болған жағдайда МАИ қызметкерлері, өртсөндірушілер және т.б. шұғыл хабарласып, шақырады.

Апат медицинасы орталығы бұрын денсаулықсақтау басқармасына қарасты болса, 2010 жылдан бастап ТЖМ қарамағына өткен, ал 2014 жылдың аяғына таман ҚР ІІМ қарасты ТЖ Комитетінің құрамына енді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему