Ақтау гарнизонында өртке қарсы қорғаныс командалары арасында жарыс өтті
4 Июля 2022 (15:24) | 1918 | Автор: Нурбол Шалабаев
Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің өртке қарсы қорғаныс командалары арасында өрт сөндіру-құтқару нормативтерінен жарыс өткізілді.
Аталған іс-шараға гарнизонның барлық әскери бөлімдерінен 60-қа жуық әскери қызметшіден құралған 6 команда қатысты.
Екі күнге созылған жарыста, құтқарушылар бес сайыстан тұратын өрт сөндіру-құтқару нормативтерін тапсырып, өз күштерін сынады.
Жарыс практикалық іс-әрекеттер бойынша қауіпсіздік ережелерін жеткізу, өрт сөндіру-құтқару нормативтері шарттарын түсіндіруден басталды.
Алғашқы сайыс, есептоп жеке құрамы жауынгерлік киімі мен керек-жарақты уақытылы кию болса, екіншісі жылжымалы сатыны өрт техникасынан алу, тасмалдау және үшінші қабатқа орнату болды, содан кейін жәбірленушіге екі қабатты құтқару ілмеген құтқарылатынға кигізбей байлау, төртінші сайыста өрт сөндіру автомобилін су тоғына екі сорғыш жеңдерін жалғау және торды қосумен орнату болды, соңында бөлімшені жауынгерлік өрістетуді тоқтату яғни өрт сөндіру нормативтерін орындады.
– Бұл іс-шара, Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің арасында алғаш рет өткізіліп отыр. Жарыстың басты мақсаты өрт сөндіру командаларының жауынгерлік даярлықтарын шыңдау болып табылады. Жарысқа барлық командалар белсенді түрде қатысты. Осындай іс-шаралар алдағы уақыттаа жиі өткізілетін болады – деп атап өтті «Батыс» өңірлік әсерлері қолбасшылығы тылдық қамтамасыз ету басқармасының офицері майор Абзал Абдираймов.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық сынақта жүлделі бірінші орынды Әскери-теңіз күштерінің командасы жеңіп алды. Екінші орынды материалдық-техникалық қамтамасыз ету базасының командасы иеленсе, оқ-дәрі мен атыс қару сақтау бөлімінің құрама командасы үшінші орынға табан тіреді
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему