Маңғыстау тұрғындарына шетелдік компания 550-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 19:24
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау тұрғындарына шетелдік компания 550-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды

27 Мая 2022 (14:59) | 2006 | Автор: Редакция

Маңғыстау облысының жұмыссыз тұрғындары қалалық, аудандық жұмыспен қамту орталықтары арқылы ресейлік «Татнефть» мұнай-газ компаниясына жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Облыс тұрғындарына жалақысы 170 мың рубльге дейін болатын 20 лауазым бойынша 550-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылады, деп хабарлайды облыстың Қоғамдық коммуникация орталығы.


«Татнефть» - мұнай мен газды өндіріп, өңдейтін ресейлік ірі қоғамдық компаниялардың бірі.

Қазіргі уақытта компания жүргізуші, электр дәнекерлеуші мен бұрғылау қондырғысын жөндеушіге дейін 20-дан астам бос вакансияны ұсынады. Қазіргі таңда «Ұңғыма бұрғылаушысы» лауазымында 22, «Ұңғымаларды бұрғылаушының көмекшісі» лауазымына 67 бос орын бар.


Сонымен қатар, «Бұрғылау шебері», «Бұрғылау қондырғысын жөндеуші» және «Бұрғылау қондырғысын жөндеу жөніндегі электр монтер» лауазымдарына әрқайсысы 11 бос орын бар. Айта кетейік, «Ұңғыма жөндеуші бұрғылаушы» лауазымына – 141 орын, «Ұңғымаларды өңдеу бойынша бұрғылаушы көмекшісі» лауазымына – 188 орын, «Тиеу қондырғысының операторы» қызметіне – 23 бос вакансия ұсынылмақ. Сондай-ақ, тракторшы, темір ұстасы, бульдозерші сияқты мамандық иелеріне бос орындар бар. Кәсіпорын жалпы есебі 550-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Қызметкерлер вахталық әдіспен бір ай жұмыс, бір ай демалыс режимі бойынша жұмыс жасамақ.

Еске сала кетейік, серіктестіктегі жұмыс іздеушілерге облыстың қала мен аудандарындағы жұмыспен қамту орталықтарының мамандары көмек көрсетеді. Егер қандай да бір сұрақ туындаған жағдайда осы орталықтардан кеңес алуға болады.

Атап өту керек, қайта оқыту шаралары мен жұмыс орнына апарып әкелуді - жұмыс беруші қамтамасыз етеді. Жоғарыда атап өтілген, бос жұмыс орындарының жалақысы 80-нен 170 мың рубльге дейінгі аралықта.


Анықтама алу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша жұмыспен қамту орталығының тіркеу бөліміне хабарлассаңыз болады.


«Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Ақтау қ., 29 шағын аудан, 24
8(7292) 490019
——-
«Жаңаөзен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, Жаңаөзен ықш. 3 а, ғимарат No 26 8 (72934) 56600

«Бейнеу ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, Тәжіұлы ауылы көшесі, ғимарат No 8В 8 (7293) 121804
———
«Қарақия аудандық жұмыспен қамту орталығы» КММ Қарақия ауданы, Құрық ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, No15 ғимарат.
8(72937) 21989 ж
——-
«Маңғыстау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Маңғыстау ауданы, Шетпе ауылы, орталық 1, №45 ғимарат.
8(72931) 21804
———-
«Мұнайлы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы,
14 орам, 30 ғимарат, қоғамдық ұйымдар ғимараты 8 (7292) 465520
———
«Түпқараған ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Н.Оңғалбайұлы көшесі, №2 ғимарат 8(72938) 28300

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему