Маңғыстау облысының ТЖ Департаментінде сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбы талқыланды
Курс валют в Актау
на 17/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
17 Апреля, 00:00
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облысының ТЖ Департаментінде сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбы талқыланды

21 Марта 2016 (11:05) | 2972 | Автор: Нурганым Имашева

 

Аймақтың құтқару саласының басшысы Қуанар Базарбаев «Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге бағытталған жұмыстар туралы» тақырыбында өткен дөңгелек үстел отырысында Маңғыстау облысының ТЖ Департаменті бөлімшелері қызметкерлері арасында соңғы үш жылда бірде-бір сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелмегенін айтып, бұған жеке құрам арасында алдын алу жұмыстарының кең көлемде жүргізілуі ықпал еткенін тілге тиек етті.

 

Аталған шараға Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің мемлекеттік қызметті бақылау саласындағы басқарма басшысы Сихымбекұлы Сержан және Сыбайластық жемқорлыққa қарсы Ұлттық бюросы департаментінің Әкімдік – құқықтық бөлімінің бас маманы Сванбаева Ақмарал Бегеновна, Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Рамазанов Эмиль Якубович қатысты.

 

Басқосу барысында Департаменттің Өзіндік қауіпсіздік тобының маңызды істер жөніндегі аға жедел өкілі полиция подполковнигі Әжібаев Нұрлан Сұлтанұлы «Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге бағытталған жұмыстар туралы» тақырыпта баяндады.

 

Дөңгелек үстел отырысы нақты мысал ретінде парақорларды қылмыс үстінде ұстау іс – шаралары баяндалған бейне материалдарды көрсетумен жалғасты. Бейнефильмде еліміздің түрлі аймақтарында орын алған сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қылмыстық әрекеті толық баянлалған. Жасаған әрекеттеріне өкінген сотталғандар қолдарынан келсе, бұл қылмыстық әрекеттерін қайталамайтындықтарын айтып қынжылыс танытады.

 

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Бекенұлы Базарбаев:

Сыбайлас жемқорлықпен күресуде тек дәрістер оқу немесе сөзбен айту шаралары мүлдем жеткіліксіз болатыны анық. Өзгенің жасағн қылмысын көріп, оның зардабын сезіну ғана теріс жолға түсуден сақтануға мүмкіндік береді. Барша мелекеттік қызметкер пара алу – темір торға итермелейтін қадам екенін ұғынуы тиіс.

Жемқорлық фактісінің кез-келгені тек жай ғана құқықбұзушылықтың көрінісі болып емес, сонымен қатар ол кез-келген органның қызметкері үшін жат қылық ретінде қабылдануы тиіс, - деп атап өтті..

 

Жиында сөз алған құзырлы органдар өкілдерінің мәлімдеуінше, «мемлекеттік мүлікті пайдалану, мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды сатып алу салалары және тұрғын үй шаруашылығы қатынастарының бюджеттік саласы бұрынғыша жемқорлыққа көбірек ұшырайтын жүйе болып табылады».

 

Құзырлы мамандар атаған фактілер бойынша қылмыс жасау үстінде ұсталғандар арасында «шабақтармен қоса шортандар да» бар екені анық болды. Бұл жерде брокерлерден пара алып, сотталған кеден қызметі мамандарының аттары аталды.

 

«Қара тізімге» іліккендер қатарында әкімшіліктердің, жол-патрульдік полициясының, қылмыстық – атқару жүйесінің өкілдері бар. Олардың бірі жазасын өтеп жатса, кейбірі мемлекет пайдасына ірі көлемде айыппұл төлеумен әлек. Солардың қатарында ортаң қолды шенеунік кезінде 20 мың теңге пара алумен ұсталып, кейін сол қылмысы үшін миллион теңге айыппұл төлеуге мәжбүр болған. 

 

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигі Эмиль Рамазанов:

Біз қылмыс жасап, құрықталған тұлғалардың қызметтік өтілі, лауазымы немесе шеніне қарамастан заң алдында қатал жауапты болуын қадағалаймыз.

Аймақтың ІІД қатарында құқықбұзушылықты болдырмауға бағытталған күрестің сапалы болуы үшін Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызмет етуде. Оның әрекеті жеке құрам арасында құқық бұзушылықтың орын алмауын бақылауға арналған.

Маңғыстау облысының кез-келген тұрғыны ішкі істер органы қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеті туралы біздің сенім телефонымызға хабарласу арқылы шағымдана алады. Әрбір факті бойынша тексеру жүргізіледі,-деп атап өтті..

 

Сонымен қатар жиында сала мамандары сыбайлас жемқорлыққа қарсы жергілікті БАҚ – та мақалалар жариялаумен бірге, радио, телеарналарда сұхбаттар беріліп отыратыны жайлы мәлімдеді.

 

Басқосуға жиылғандар сыбайлас жемқорлықпен күрес ісінде жаза басқанның қылмысы үшін кей кезде тиісті нәтижесін бермейтін құқықтық жауаптылықты қолданудан гөрі заң бұзушылықтың алдын алу әлдеқайда тиімді екеніне тоқталды.

 

ТЖ саласының мамандары жемқорлықтың түп-тамырын дөп басып, оның пайда болу себебін жойып, қылмыс жасау мүмкіндігінің алдын алу шараларын пәрменді қолдану қажет деген байламға келді.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему