«БИЗНЕС ҮШ КҮНДЕ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ АНАЛАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРДІ
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 15:51
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«БИЗНЕС ҮШ КҮНДЕ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒЫЗ БАСТЫ АНАЛАРДЫ ЖІГЕРЛЕНДІРДІ

12 Апреля 2019 (09:30) | 2361 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облысында жергілікті әкімдіктердің бастамасымен, қайырымды кәсіпкерлердің демеушілігімен "Бизнес 3 күнде" жобасы іске асып жатыр.

 

 

Жобаның мақсаты - көпбалалы және әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар мен жалғыз басты аналарға көмек көрсету. Олардың қабілет-қарымына қарай, мұқтаж техникаларын демеушілер есебінен алып беріп, кәсібін дөңгелетуге, нәпақа тауып, отбасын асырауға қолайлы жағдай туғызу.

 

Осы жоба аясында Ақтау қаласы бойынша 100-ге жуық отбасын тиісті құрал-жабдықпен қамту жоспарлануда. "К7 групп" компаниясының демеушілігімен бір күн ішінде алғашқы 10 отбасына көмек көрсетілді.

 

Шадырақ Ермекбайұлы, "К7 групп" компаниясының жетекшісі:

 

-«Бизнес үш күнде» жобасы аясында мұқтаж жандарға қажет дүниелерін алып беруді Ақтауда алғаш болып біз қолға алып отырмыз. Тәттілер пісіретін үлкен пештер мен техникалардан өзге ұн, сүт сияқты азық-түліктерге дейін әкеліп бердік. Енді аналар осы кәсіпті әрі қарай дамытып, табыстан табыс құрап, бизнесті дамыта түсуі керек. Өнімдер шығарып, жағдайлары түзеліп, отбасын алға сүйрейді деген сенімдеміз.

 

 

Қайырымдылық көрсетілген отбасылардың көбі жарымжан балаларды бағып отыр. Оларға үйде отырып, баласын көзінен таса қылмай әрі сүйікті кәсібімен айналысуға мүмкіндік туды. Аналардың қуанышында шек жоқ.

 

-Біз сияқты мұқтаж аналарға қол ұшын созған жомарт жандарға алғысымды айтамын. Ақтау қаласының әкімі Ғалымжан Ниязовқа, «К7 групп» компаниясы басшылығына ризамыз. Қыста тырнақ әрлеуші курсын оқып алып, ісімді бастай алмай отыр едім. Енді жеке кәсібімді ашамын. Армандар орындалады екен. Қажет заттардың тізімін жазып бергенде, тіпті жылдам әкеледі деген ойымызға кіріп те шыққан жоқ. Осыншама үлкен жүкті арқалап жүрген «Ақжүніс» аналар қорына алғыстан басқа айтарым жоқ,- дейді жалғыз басты ана Гүлданай Досымова.

 

 

Әкімдік, кәсіпкер мен аналардың арасында делдал, мәселенің оң әрі жылдам шешілуіне мұрындық болып жүрген Маңғыстау облысындағы «Ақжүніс» аналар қорының өкілі Арайлым Шамшадинованың айтуынша, аналардың үлкен армандарының орындалуына ең бірінші үн қосқан жомарт кәсіпкер Шадырақ Ермекбайұлы болды. Қайырымды шараға үлес қосқан жандарға рахмет. Бизнесте жүрген азаматтарды осындай сауапты іс жасауға шақырамыз.

 

- «Жақсылыққа - қайырымдылықпен, мейірімділікке - ізгілікпен, достыққа -адалдықпен жауап беру керек» деген нақыл сөз бар. Кәсіп ашуға мол мүмкіндік жасалған аналар бір қолымен бесігін тербесе, екінші қолымен кәсібінен нәсіп тауып, тағдыр тауқыметінен серпіледі деген сенім бар,- дейді осы ақпаратпен біздің басылымға жолдаған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аймақтық филиалының баспасөз қызметі.

 

Суреттерді ұсынған баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему