Жас матростармен өткен ерлік сабағы
16 Февраля 2022 (13:01) | 1428 | Автор: Нурбол Шалабаев
Маңғыстау облысының қорғаныс істер жөніндегі департаментінде ақтаулық жас матростар ауған соғысының ардагерлерімен кездесті. Аталған шара Кеңес әскері шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл толуына арналды.
Департаменттің «Жеңіс саябағы» мен «Әскери-тарихи музейінде» өткен бұл Ерлік сабағы жас теңізшілерге патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Кездесуге «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы запастағы полковник Нұрлыбай Қонақбаев, Әскери-теңіз күштерінің ардагері запастағы 1-дәрежелі капитан Марат Төлепбаевтар қатысты. Ардагерлер матростарға жүріп өткен жауынгерлік жолдары мен бастан кешкен оқиғалары туралы әңгімелеп берді.
– Бүгін біз әскери-тарихи музей мен жеңіс саябағында көптеген құнды жәдігерлермен танысып, баһадүр батырларымыз туралы өте көп ақпарат алдық, – дейді матрос Табиғат Қабдоллаев. – Сондай-ақ, ардагер ағалармен кездесіп, сұхбаттасу менің де, әріптестерімнің де есінде қалары сөзсіз. Алдағы уақытта да осындай мағыналы кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұратынына сенімдімін.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему