Жақында жаңа әуе бағыттары ашылады
28 Ноября 2016 (18:20) | 1903 |
Автор: Мира Ботабекова
Жақында Ақтаудан еліміздің бірнеше қаласына жаңа әуе бағыттары ашылады. Аталған бағыттардағы ұшақтар тиімді бағада және ыңғайлы уақытта ұшады, дейді QAZAQ AIR әуекомпаниясының өкілдері.
«Атырау – Орал – Атырау – Ақтау – Атырау» жаңа бағыттары бойынша ұшатын ұшақтардың алғашқы жолаушылары бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болмақ. Тілшілер қауымы 2-ші желтоқсан күні Ақтаудан Атырауға ұшады. Әеу компаниясының жаңа бағыттары жөнінде толық ақпаратты алдағы уақытта жариялайтын боламыз.
«QAZAQ AIR» АҚ – Қазақстан Республикасындағы аймақтық бағыттарда қызмет көрсететін жаңа әуекомпания. 100% акциялары «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі. Ұшақтар жиынтығы канадалық Bombardier компаниясының 3 жаңа турбовинтті, сыйымдылығы 76-78 орынды, Q400 әуе кемелерінен тұрады. Bombardier Q400 NextGen – жолаушылар салонында заманауи шуды және вибрацияны басу активті жүйесі, кең отыруға мүмкіндік беретін эргономикалық орындықтар мен үлкен иллюминаторлар, жүк салатын кең сөрелер мен жарқын светодиодты жарық жүйесімен жабдықталған жаңа ғасырдың әуеллайнері.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему