Мемлекеттік қызметші мектебі жобасы өз жұмысын жалғастыруда
10 Февраля 2022 (13:11) | 2248 | Автор: Редакция
Ағымдағы жылдың 8 ақпанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті бастамасымен «Мемлекеттік қызметші мектебі» жобасы өз жұмысын бастады.
Жоспарланған шаралар, әсіресе тыңдаушыларға дәріс берулер Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы филиалының базасында өтеді.
Жобаның негізгі мақсаты - талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту, кадр қорын қалыптастыру. Оған облыстағы жоғары оқу орны - Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің студенттері тартылды.
Айта кетерлігі, аталған жоғары оқу орнымен өзара ынытымақтастық туралы меморандум 2018 жылдан бері бар. «Мемлекеттік қызметші мекетебі» жобасы да осы жылдан бері жұмыс жасап келеді.
Университет ұжымы және студенттері аумақтық департаментпен ұйымдастырылатын көптеген шараларға белсене қатысып келеді.
Елдің ертеңі жастар екендігін ескерер болсақ бұл жобаның да маңызы ерекше.
Жоба шеңберінде жастар мемлекеттік қызмет туралы жалпы ұғыммен, оның қыр сырымен танысып, мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибелі мамандардың лекцияларын тыңдайтын болады. Сонымен бірге, облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жұмысын өз көздерімен көріп, тәжірибе алмасатын болады.
Мектеп өзінің алғашқы күнін облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және Академия филиалының ғимаратымен, ондағы тарихи мәні бар орындармен танысудан бастады.
Шараның ашылу салтанатына қатысқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Е.Мендалиев және Филиал ректоры А.Демеуова тыңдаушыларға жылы лебіздерін жеткізіп, алдағы өткізілетін шараларға сәттілік тіледі.
Төрт күнге созылатын бұл жобаның соңында тыңдаушылар тестілеуден өтіп, арнайы дайындалған сертификаттарға ие болады.
Алдағы уақытта «Мемлекеттік қызметші мектебі» жобасының жұмысын тұрақты негізде жүргізіп отыруды және бұл тәжірибені орта мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында жалғастыру жоспарлануда.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему