Ақтауда қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты өтті
6 Февраля 2020 (12:23) | 2182 | Автор: Нурганым Имашева
Маңғыстау облысында осыған дейін бірнеше мәрте ел біріншіліктері, спартакиадалар жоғары деңгейде өткізіліп келеді. Ал, бүгінгі дүбірлі доданың мән-мағынасы ерекше. Өйткені, қазақ күресінің тарихы ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Қазақ күресін бүгінде әлемнің көптеген елдері танып білді. Оған дәлел, қазақ күресінен өткізілетін жарыстар республикалық дәрежеден асып, Азия және Әлем біріншіліктері деңгейінде өткізіле бастағаны. Ақпанның 4-5 аралығында өтіп, 2 күнге созылған бәсекеде 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер 10 салмақ дәрежесінде белдесуге түсті.
-Бұл жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және де 14 облыс құрама командаларынан 500-ден астам спортшы бақ сынасуға ниет білдірді. «Маңғыстау-Аренада» өтетін жарысты тамашалайтындар үшін барлық жағдай жасалған- деді Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жұмабаев.
Маңғыстау облыстық қазақ күресі федерациясы өзге өңірден келген балуандарға Маңғыстау облысының өлкетану мұражайы және Әбіш Кекілбаев атындағы музейді таныстырып, сондай-ақ теңіз жағалауына серуендеу шараларын ұйымдастырды.
Бүгінде өңірде қазақ күресімен 4014 палуан, оның ішінде 2815 спортшы ауылдық елді мекендерде шұғылданады. Облыс көлемінде 46 жаттықтырушы бар білгенін спортқа ден қойған балаларға үйретсе, үйірмелер саны 82-ге жеткен.
Суреттер «Қоғамдық коммуникация орталығынан» және ttfrk.kz сайтынан алынған
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему