Биыл Маңғыстау облысында әлеуметтік салаға 157 миллиард теңге жұмсалды
28 Декабря 2021 (14:28) | 1873 | Автор: Редакция
Биыл Маңғыстау облысында бюджет шығындарының 50 пайыздан астамы әлеуметтік салаға жұмсалды. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы қаржы басқармасының басшысы Светлана Нарешова хабарлады.
Оның айтуынша, бюджетті қарау барысында алдымен азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге басымдық беріледі.
- Биыл бюджет құрылымының 50%-дан астамын әлеуметтік сала шығыстары құрайды. Оның ішінде білім беру саласы – 120 млрд.теңге, әлеуметтік қамсыздандыру саласы - 16 млрд.теңге, денсаулық сақтау - 10 млрд.теңге, мәдениет және спорт – 11 млрд.теңге,- деді Светлана Нарешова.
Оның ішінде жалақы, әлеуметтік, салықтық және коммуналдық төлемдер сияқты басым бағыттағы шығыстар қаржыландырылған.
Жалпы, биыл облыс бюджеті 169 млрд.теңге көлемінде бекітілген. Жыл ішінде өткізілген бюджет параметрлерін нақтылау қорытындысымен бүгінгі таңға бюджет көлемі 213 млрд.теңгені құрайды. Жергілікті бюджет түсімдерінен бөлек облыс бюджетінде республикалық бюджет, Ұлттық қор және Үкімет резервінен 101 млрд. теңге нысаналы трансферт қарастырылған.
Трансферттер «Нұрлы жер», «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламалары аясында инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, Президент жолдауына сәйкес, әлеуметтік сала қызметкерлерінің жалақысын өсіруге бағытталды.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему