Маңғыстаулық оқушылар халықаралық сайыста жеңімпаз атанды
Курс валют в Актау
на 01/05/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
1 Мая, 01:36
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық оқушылар халықаралық сайыста жеңімпаз атанды

27 Января 2015 (09:33) | 2927 | Автор: Нұрганым Имашева

 

Ақтау қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің3 оқушысыАлматыда математика, физика, информатика пәндерінен өткенХІ Халықаралық Жәутіков олимпиадиасының жеңімпаздары атанды.

           

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен республикалық Ө.Жәутіков атындағы арнайы мамандандырылған физика-математика мектебі мен «Дарын» Республикалық ғылыми-педагогикалық орталығы ұйымдастырған бұл білім додасына Қазақстан, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Румыния, Болгария, Сербия, Индонезия, Моңғолия сияқты әлемнің 15 елінен 58 команда (400-дей қатысушы) қатысқан.

 

Аталмыш білім сайысына Маңғыстау облысынан Ақтау қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің оқушылары Омаров Темірлан, Бекболатұлы Бекжан, Жүніс Қасым қатысты.

 

Бұдан бұрын республикалық олимпиаданың жүлдегерлері атанып, бүгінгі таңда республикалық резервте тұрған маңғыстаулық оқушылар Бекжан Бекболатұлы (11 сынып оқушысы) информатика пәнінен және Темірлан Омаров (10 сынып оқушысы) математика пәнінен жүлделі ІІ орынды иеленіп, күміс медальмен марапатталса, 11 сыныпта оқитын Жүніс Қасым математика пәнінен жүлделі ІІІ орынға көтеріліп, қола медаль иесі атанды.

 

 

Жоғары дәрежелі білім додасында халықаралық қазылар алқасы құрамында әлемнің 9 елінің ғалымдары болып, қазылар алқасына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов төрағалық етті.

 

Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жеңімпаздарына Назарбаев университетінің білім гранты беріледі.

 

Өткен жылы Алматыдағы республикалық Ө.Жәутіков атындағы арнайы мамандандырылған физика-математика мектебі бұл сайыста І-орынды иеленген болса, биыл Бас жүлдені жеңіп алды.

 

Маңғыстау облысының намысын қорғаған жеңімпаз өрендерді Ақтау қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің педагогикалық ұжымы құттықтап, оқу ордасында түрлі білім сайыстарында жүлдегер атанған оқушыларды марапаттау кешін ұйымдастырды.

 

Дарынды жеткіншектердің білім сайысындағы жеңісі туралы толығырақ газетіміздің бейсенбі күнгі кезекті номерінен оқи аласыздар.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему