Маңғыстау облыстық сотында Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті
Курс валют в Актау
на 29/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Пятница,
29 Марта, 14:39
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстау облыстық сотында Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

15 Декабря 2018 (09:29) | 1649 | Автор: Нурганым Имашева

Іс-шараға Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Даулиев және судьялар, сот жүйесінің ардагерлері, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, сот қызметкерлері қатысты.

 

 

Жиында сөз алған Ержан Даулиев қатысушыларды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, ақ тілегін арнады.

 

-Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт! Сіздерге мол бақыт, ашық аспан аясында еліміздің игілігі жолындағы істеріңізге мол табыс, жанұяларыңызға береке-бірлік, дендеріңізге саулық тілеймін! Егемен еліміз – Қазақстанның туы асқақтап, келешегі көркейе бергей, – деді облыстық сот төрағасы.

 

Іс-шара барысында Маңғыстау облыстық сотының судьясы Г.Бақытжанова «Ел дамуы мен жер дамуы – баршамыздың ортақ қазынамыз» атты баяндама оқып, қазақ халқының ширек ғасырда қол жеткізген жетістіктері туралы айтып берді.

 

Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының ұйымдастыруымен күзде жас судьялар арасында танымдық-біліктілік турнир өткізіліп, жарыстың аймақтық кезеңінде Маңғыстаудың «Айрақтысы» бірінші орынды иеленген болатын. Жоғарғы Сотта өз өнерлерімен көпшілікті таңғалдырған жеңімпаз судьялар өз өнерлерін осы жиында да көрсетті. Бірі ән салып, екінші бірі сахналық көрініске шығып, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

 

Одан әрі іс-шара марапат рәсімімен жалғасып, «Астанаға 20 жыл» мерекелік медалі Жаңаөзен қалалық сотының бас маманы Аймұрадова Түрмешке, Судьялар Одағының «Үш би» құрмет белгісі Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қарабаев Ержанға, «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалі Маңғыстау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Примашев Нұрсапаға, Маңғыстау облыстық сотының судьясы Бақытжанова Гүлажарға, ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісі Ақтау қалалық сотының судьясы Әділсұлтани Гүлмаржанға табысталды.

 

-Сот жүйесінде мінсіз әрі адал қызмет атқарып, сот реформасын жүзеге асыруға қосқан зор үлесі үшін соттардың кеңсе қызметкерлері Маңғыстау облыстық соты төрағасының «Алғыс хатымен», Соттар әкімшісінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

 

Сондай-ақ, Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздік күні қарсаңында Судьялар Одағының аймақтық филиалының ұйымдастыруымен өткен спорттық жарыста жеңіске жеткен командалар мен спортшылар да марапаттан тыс қалмады. Сонымен қатар бұл күні сот ардагерлері мен судьяларға «Ақтау қаласына - 55 жыл» мерекелік медалі де табысталды,-деп хабарлайды осы ақжолтай жаңалықпен бөліскен Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

 

Суреттерді түсірген Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему