Ақсамал Аманғалиева: Сөйлеу тілі бұзылыстарының ерекшеліктері
Курс валют в Актау
на 24/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Среда,
24 Апреля, 16:37
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Ақсамал Аманғалиева: Сөйлеу тілі бұзылыстарының ерекшеліктері

3 Декабря 2021 (13:30) | 3785 | Автор: Редакция

Баланың уақытылы сөйлеуі оның тұлғалық дамуы үшін  көмектесетін  маңызды қажеттіліктің бірі болып табылады. Дыбыстарды дұрыс айтуы үшін, артикуляциялық аппаратты, яғни сөйлеу мүшелерін дайындау, жетілдіру керек, сонымен қатар дұрыс тыныс алуға үйрету және дыбыс қою жұмыстарын жүргізу керек.

 

Тіл мүкістігі бар баланың психикалық дамуына жеке жетілуіне, тәртібіне әсер ететіні бегілі. Кейде  тіл мүкістігі бар балалар мен ата-аналары аз сөйлесіп, өзара түсінісуді жеңілдеткісі келеді, бұл баланың психикалық және сөйлеуін дамытуға зор зиянын тигізеді. Егер бала сөз сөйлемесе, ата-ана бүкіл отбасы мүшелері көбірек сөйлесіп, баланың сөздік қоры молайып, тілі дамиды. Тілінің мүкістігі бар баланың сабақ үлгерімі нашар болады, себебі ой қабілеті төмен, содан соң сөзде дыбыстарды, лексикалық, грамматикалық құрылысы жағынан да дұрыс айтылмағансоң, ол жазуда да, оқығанда да қате жібереді, ғылыми негізін меңгеру қиынға соғады, ақыл – ойы дұрыс қалыптасса да немесе өзінің дұрыс сөйлемеуін сезініп ол тұйық, жасқаншақ болады, балалар мазақ қылып, күліп баланы ашуланшақ қылады, бала сауаттылығын кемітеді, оның оқуға ынтасын жойып, тәртібі нашарлайды.

 

Логопедия дегеніміз – сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп  жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым. Сөйлеу тілі дұрыс қалыптасуы үшін мидың барлық  құрылымдары сақталып, мүлтіксіз қызмет атқаруы қажет. Сөйлеудегі ең маңызды элементтер – есту, көру, моторика жүйесі.

Сөйлеу тілі ақаулықтарының ішіндегі ең көп тараған және күрделі түріне жататыны сөйлеу тілінің жалпы дамымауы (ЖСТД) болып саналады. Сөйлеу тілі жақсы дамып, сөздік қорының мол болуы тұлғаның дамуына және қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына мол септігін тигізеді.

 

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы – есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың мағыналық жеке қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемшіліктері. Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологиялардың түрлерінде де байқалады.

 

Алғаш рет жалпы сөйлеу тілінің дамымауын ХХ ғасырдың 50-60 жылдары Р.Е.Левина және Ресей дефектологиялық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлер ұжымы (Н.А.Никашина, Г.А.Каше, Л.Ф.Спирова, Г.И.Жаренкова және т.б.) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді жан-жақты зерттеудің қорытындысы нәтижесінде ғылыми тұрғыдан негізделген.

 

Сөйлеу тілі дамымаған балалардың ана тілін меңгеруі ұзаққа созылады, балалардың лексикалық мағынадағы сөздерді игеруі нақты емес. Көбінесе сөз мағыналарын өзара кең түрде ауыстырады, абстрактілі лексиканы меңгеру кезінде қателер кездеседі.

 

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың тілінің дамуы біркелкі және баяу өтеді. Соның салдарынан сөйлеу жүйесінің әртүрлі қатарлары қалыптаспай қалады. Тіл дамуының баяулауы, сөздік қорды меңгеруінің қиындықтары және грамматикалық құрылыстарын қабылдауы баланың үлкендермен және құрдастарымен сөйлесуіне шектеу жасап, тілдік қарым-қатынасқа түсуге бөгет жасайды.

 

Р.Е.Левина жалпы сөйлеу тілі дамымауының үш деңгейін белгіледі.

ЖСТД-ның 1-ші деңгейінде толық немесе жартылай қарым-қатынас сөйлеу құралдарының болмауымен сипатталады. Сөздік қоры дыбыстық және дыбысқа ұқсас комплекстерден тұрады, бірақ олар қоршаған адамдарға түсініксіз болғандықтан түрлі қол қимылдарымен сүйемелденіп отырады. Мұндай балаларды кейде «тілсіз балалар» деп атайды. Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынадай болып келеді: былдырап сөйлейді жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздер мен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырап мүлдем түсініксіз етіп, үзіп-үзіп айтады.

 

ЖСТД-ның 2-ші деңгейінде тіл мүмкіндіктерінің біршама өскені байқалады. Тіл дамуының екінші деңгейі әдебиеттерде «жалпы қолданбалы тілдің басы» деп аталады. Оның айырмашылығы баланың тілінде екі-үш, төрт сөзді фразаның пайда болуы мүмкін. Сөздерде сөз тіркесін және фразаны жасай отырып, бала әртүрлі сөз тәсілдерін қолданады және оңай бұза да алады. Балалардың өзіндік тілінде кейде жай шылаулар мен олардың былдырлаған нұсқалары кездеседі. Екінші деңгейдегі бала шылауды дұрыс қолданбай, сөйлем мүшелерін дұрыс құрастырмайды. Алдыңғы деңгейге қарағанда сөздік қоры тек сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да жақсарады: зат есім, етістік, сын есімнің саны кеңейіп, үстеу мен сан есімдер пайда болады. Бірақ сөз туындатушы операциялардың жеткіліксіздігі етістік, сын есім, зат есімдер жалғауларын дұрыс қолданбауға әкеледі. Жалпылама ұғымдар, синоним мен антонимдер жүйелерінің қалыптасуы қиынға түседі. Екінші деңгейдегі балалардың сөзі дыбыстарды айтқанда сөздердің буын бұзылуына қарай түсініксіз болып келеді.

 

ЖСТД-ның 3-ші деңгейінде сөйлеу тілінің дамуы бойынша баланың фонематикалық тілінің жасалуы жас ерекшелігімен  салыстырғанда артта қалуы айтарлықтай көрінеді. Олардың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың барлық түрлерінің дұрыс айтылмауы әлі де байқалады. Сөздегі дыбыстардың түсіп қалатын тұрақты қателері, ең қиын сөздердегі буындардың бұзылуы байқалады. Мысалы: велосипед – сипед, сасипед, милиционер – мисонед, мисинел. Сонымен қатар тілдің лексикалық-грамматикалық және фонетикалық-фонематикалық дамымауымен сипатталады. Мәтін бойынша түсінік айтуды қиналады. Байланыстырып сөйлеуі толық дамымаған.

 

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған қазақ тілді балалардың дыбыс айтуын тексеру барысында көбінесе ызың, ысқырық, сонор дыбыстарының жиі бұзылатыны байқалады. Қазақ тіліне тән дыбыстардың ішінде ң, қ, ұ, ү фонемаларын алмастыру, шатастыру жиі кездеседі. Сонымен қатар балалардың фонематикалық қабылдау деңгейі өте төмен екені, ал дыбыстық талдау дағдыларының қалыптаспағаны байқалады.

 

Қазіргі кезде елімізде ерекше білімді қажет ететін балалардың саны жыл сайын артып келеді. Оның ішінде 70% жалпы сөйлеу бұзылыстары бар балаларды құрайды. (күрделі тіл кемістіктері, жалпы сөйлеу дамуының тежелуі, фонетико-фонематикалық дамымауы)

Жаңаөзен қаласы бойынша Аймақтық психологиялық – медициналық – педагогикалық консультация мекемесі аймақ бойынша 0-18 жас аралығында 101828 балаларды камтиды, оның Жаңаөзен қаласы бойынша – 66612 бала.

 2020 жылы Аймақтық ПМПК мамандары 706 баланы тексеруден өткізді, олардың 199 алғашқы қаралғандар. Оның ішінде тіл бұзылыстарымен 126 тіркелген.  Ал осы 2021 жылы тіл мүкістігі бар балалың саны 193 болып отыр.

 Қорытындылай келе баланың тұлға ретінде қалыптасуына, қоғамда алғашқы қадам жасауына отбасы  жәрдемдесуі тиіс. Ерекше білім беру қажетілігі бар бала дүниеге келгеннен кейін оның тәрбиесіне отбасының әр мүшесі жауапты. Егер баланың сөйлеу тілі жас ерекшелігіне сай емес және сөздік қорының аз екендігін байқалған жағдайда уақытылы Аймақтық ПМПК- ға жіберіп, комиссиядан өткен жөн. Баланың жағдайы анықталып, дер кезінде көмек көрсетілетін болады.

 

Аманғалиева Ақсамал Қанатқызы, АПМПК КММ Логопед маманы

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему