«Хакатон» байқауы студенттердің  шығармашылық қабілеттерін ашты
Курс валют в Актау
на 28/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Воскресенье,
28 Апреля, 03:34
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

«Хакатон» байқауы студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашты

25 Февраля 2019 (09:01) | 2018 | Автор: Нурганым Имашева

Ш.Есенов атындағы КМТИУ көпсалалы колледжінде колледжішілік студенттер арасында алғаш рет «Хакатон «IT JOBA-2019» байқауы болып өтті.

 

 

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы аясында өткен байқаудың негізгі мақсаты нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын насихаттау және «Инвесторлармен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және жетілдіру бойынша» әріптестік жөніндегі жол картасында бекітілген мекемелер, кәсіпорындармен әлеуметтік әріптестікті нығайту арқылы жаңа тың идеялары бар жастарымызға қолдау көрсету, шығармашылық қабілеттерін ашу болды.

 

Байқауға Маңғыстау облысының техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті өкілі, Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілі, әлеуметтік серіктестер, колледж ұжымы мен студенттер қатысты.

 

 

Студенттер арасындағы бұл байқаудың негізгі міндеті - колледж студенттерінің шығармашылық қабілеттерін ашу, елімізде жүзеге асырылып жатқан «Хакатон» байқауларына, жарыстарына дайындау, студенттердің өзіне күшіне сенімділігі мен топтық жұмыс жасай білу қабілеттерін дамыту, жастардың өз идеяларын жүзеге асыруына ықпал ету, жастардың арасында кәсіпкерлік ісін насихаттау, әлеуметтік әріптестікті дамыту, кәсіпорындарға болашақ мамандарды жарнамалау.

 

Колледж студенттері қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуде өз пікірлерін ұсынды . Сонымен қатар «Өрт қауіпсіздігі бойынша құрылғы» және «Тауарларды сатуға арналған мобильдік қосымша» жобасы аясында инновациялық идеяларды ұсынды.

 

 

«Втипо-18» тобы студенттері Нұрберген Айбергенұлы мен Арман Қуатов «Өрт қауіпсіздігі бойынша құрылғы» жобасын (жетекшісі: А. Убайдуллаұлы); «ИС-18» тобынан Қызылқұл Жасұлан мен Бекмұрат Камелов «Тауарларды сатуға арналған мобильдік қосымша» жобасын (жетекшісі: Ж.Қанатбаева) қорғап, бағдарламаны жүзеге асырудағы өз идеяларын ұсынды.

 

Қолдаушы әлеуметтік серіктестер жеке кәсіпкер Есентай Усманов, «АУЭС» өкілі Ақбота Көшкінбайқызы, «Ақтау Электро» ЖШС-нің өкілі Жұлдызай Тоқсанқызы, «АИ Строй Сервис» ЖШС өкілі Меруерт Медетбаева, «Astana Motor Aktau» ЖШС өкілдері Брёхин Жаклин мен Александр Ким, Ақтау қаласының төтенше жағдай басқармасы аға инжинері Рахымжан Наурызов студенттердің жұмыстарын әділ бағалап, демеушілік көрсетіп, сыйлықтар табыс етті. Демеушілік көрсеткен мекемелерге алғысымыз шексіз.

 

«Хакатон» байқауы жас өнертапқыштардың білім біліктілігін дамытады. Жастар арасында инновациялық қабілеттерін арттырады.

 

Ұйымдастырушылар бұл сайысты жылда өткізуді көздеп отыр.

 

Азидулла АЛДАБЕРГЕНОВ,

Ш.Есенов атындағы КМТИУ

көпсалалы колледжінің

оқу өндірістік жұмыстары

жөніндегі орынбасары

 

Суреттер автордыкі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему