Маңғыстау облысының Полиция Департаменті ″Жолда қабылдау″ республикалық акциясын ұйымдастырды
19 Мая 2019 (17:26) | 3504 | Автор: Нурганым Имашева
ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың нұсқауымен Маңғыстау облысының аумағында "Жолда қабылдау" республикалық акциясы өткізілді. Азаматтардың сұрақтарына Департамент басшысы Қ. Таймерденов бастаған департамент басшылығы, сондай-ақ Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция және Көші-қон қызметі, Кадр саясаты қызметкерлері, "Нұр Отан" партиясы өкілдері жауап берді.
Азаматтар өтініш білдірген негізгі мәселелер - көлікті тіркеу, жүргізуші куәлігін ауыстыру, азаматтық алу, қала жолдарындағы таңбаларды жаңарту және әкімшілік айыппұлдарды төлеу.Тиісті баннерлермен белгіленген арнайы жабдықталған автобус тұрды. Акцияға жергілікті және республикалық БАҚ өкілдері қатысты.
- Іс-шара Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінің ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде көрсетілді. Азаматтарды қабылдау облыстың барлық аудандары мен қалаларында өтуде. Екікүндік шараға 1000-нан астам азамат келді.
Сонымен қатар 34-30-60 "қауырт желісі" жұмыс істеді. Сондай-ақ, шара аясында Ақтау қаласы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары 2 және 3 шағын аудандардың тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдап, сауалдарына жауап берді,- деп хабарлайды облыстық Департаменттің баспасөз қызметі.
Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему