Түпқараған ауданында «Ардагерлер үйі» пайдалануға берілді
13 Октября 2021 (15:42) | 1682 | Автор: Редакция
Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласының 175 жылдығы мерекеленеді. Осыған орай удан орталығында «Ардагерлер үйі» ғимараты пайдалануға берілді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақов мәлім етті.
Оның айтуынша, нысанда қалалық ардагерлер кеңесінің кабинеті, аудандық ардагерлер кеңесінің кабинеті, ауған соғысы ардагерлердің бөлмесі, акт залы бар. Сонымен қатар, жаңа ғимаратта тынығу бөлмесі, бильярд пен тенниске арналған залдар қарастырылған.
«Жалпы Түпқараған ауданы бойынша ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары жасақталған. Жоспарда 63 шара қарастырылған. Бүгінге дейін 37 шара өткен. Демеушілік арқылы аудан аумағындағы барлық мектеп жанынан инклюзивті кабинеттер ашылып жатыр. Сондай-ақ, Ақшұқыр ауылында дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешені, Баутин ауылында спорт кешені, Баутин және Аташ ауылдарында орталық мешіт пен «Балықшылар» демалыс орнының құрылыстары жүргізіліп жатыр. Аталған ғимараттар ел игілігіне Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай тарту етіледі», - деді Айбек Қосуақов.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему