АИТВ жұқтырғандардың денсаулығын қорғау, оларды кемсітушілікке қарсы күрес күні өтеді
29 Февраля 2020 (10:33) | 1984 | Автор: Нурганым Имашева
Ғасыр тажалы деген атауға ие аты жаман ЖИТС сырқатына шалдыққандарды кемсіту қоғамда кездесетіні жасырын емес. Сондықтан кемсітушілікке қарсы күрес күні белгіленген. Оның биылғы тақырыбы «Әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітуді толық жою» болып отыр. Кемсітушілікпен күрес күнінің мәні жайында «ЖИТСке қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі облыстық орталықтың» диспансер бөлімінің меңгерушісі Әлия Жиенғалиева былай деп түсіндірді.
-ЮНЭЙДС пен Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасы аясында атап өтіледі. Ондағы мақсат-АИТВ жұқтырғандардың денсаулығын қорғау, оларды кемсітуге жол бермеу. Осы күнге орай «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы» арнайы жоспар құрып, іс-шаралар өткізуде.
2020 жылғы қаңтар айында АИТВ инфекциясының 2 жағдайы тіркелді. Оның ішінде шетел азаматтары арасында-1 жағдай. АИТВ инфекциясы 2019 жылмен салыстырғанда 3 жағдайға төмендеген. Өткен жылы қаңтар айында АИТВ инфекциясының 5 жағдайы тіркелсе, олардың біреуі шетел азаматы. Жалпы, облыста 1994 жылдан бері АИТВ инфекциясымен 368 адам тіркелген. ҚР азаматтары арасында 279, шетелдік-87, азаматтығы жоқ-2.
Әлия Төлемісқызының мәлімдеуінше, «Қазіргі таңда диспансерлік есепте-203, оның ішінде - 62-сі әйел адам болса, оның екеуі - 14 жасқа дейінгі жасөспірім. Бүгінде 59 әйел адам вирусқа қарсы ем қабылдауда. 2 әйел емханада әйелдер кеңесі бөлімінде жүктілікпен есепте тұр.
Диспансерде есепте тұрған әйелдер мен қыздар өздерін еркін сезініп, орталықтан немесе жалпы тұрғындар тарапынан кемістушіліктің жоқ екенін диспансерлік бақылауға, кеңеске келгенде айтып отырады. Өйткені, орталық есепте тұрған әрбір адамның тағдырын, денінің саулығын, басқа медициналық көмекке жүгінгенде кемсітушілікті болдырмау үшін жұмыс жасап, қатаң қадағалап отырады».
Сурет баспасөз қызметінен
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему