2019 жылы Маңғыстау облысы аумағында 300 бас қасқырға дейін аулауға болады
19 Апреля 2019 (09:28) | 3736 | Автор: Нурганым Имашева
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының басшысының орынбасары Ғаббас Досатов айтты.
Маңғыстау облысында әуесқой аң аулау (спорттық) аулау жүргізіледі. Облыста 1 /бір/ аңшылық шаруашылығын жүргізуші тіркелген - Маңғыстау облыстық аңшылар және балықшылар қоғамы бірлестігі, оған 9 аң аулау алқаптары бекітілген, аң аулау алқаптарының жалпы көлемі 831, 08 мың гектар.
«2018 жылдың 15 ақпанынан 2019 жылдың 15 ақпанына дейінгі кезеңге жануарлар дүниесі объектілерін лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 01.02.2018ж.№58 бұйрығына сәйкес, Маңғыстау облысына 42100 бірлік көлемінде аң аулауға лимит белгіленді. Облыс аумағындағы аң аулау алқаптарында аңшылық маусым 1-ші қыркүйектен бастап келесі жылдың 15 ақпаныны аралығында өтеді.
Қасқыр аулау мемлекеттік қызмет болып табылады. Үстіміздегі жылдың 1 тоқсанында 22 бас қасқырға және 4 шибөрі аулауға рұқсат берілді. 2019 жылы Маңғыстау облысы аумағында 300 бас қасқырға дейін аулауға болады.
2016 жылдан бастап Қазақстанда көктемгі аң аулау тоқтатылды. Оған себеп, Қазақстандық биоалуан түрлікті сақтау Ассоциациясы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Зоология институты көктемгі аң аулау бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп Биологиялық негіздеме дайындады. Биологиялық негіздеменің қорытындысы бойынша барлық суда жүзетін құстардың Қазақстан аумағы бойынша саны күрт азайған. Оның себебі көктемгі аң аулау кезінде аталық құстарды аулауға рұқсат беріледі, ал аңшылардың негізгі бөлігі аталық және аналық құстарды айыра бермейді, сондықтан олар барлығын бірдей аулайды және көктемде үйректерді суға «алдамшы үйрек» қойып аулауы тиіс, оны көпшілігі сақтай бермейді. Сонымен бірге көктемгі мезгілде аналық құстардың жұмыртқа салатын мезгілі.
-Көктемгі мезгіл жан-жануарлардың көбейіп, таралатын мезгілі, ал аңшылар мылтық атып, аң аулайтын болса басқа да жануарларды да өз мекендеу ортасынан үркітетіні белгілі.
Өткен жылдың қыркүйек және қараша айларында «Үстірт» қорығы аумағында фототұзаққа алабарыс түскені белгілі. Алабарыстың аталық екені анықталды. Осыған байланысты, ғылыми мамандар қорық аумағына қосымша фототұзақ қою жұмыстары жүргізілуде,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Суреттер Өңірлік коммуникациялар қызметінен және ru.sputniknews.kz, forum.atvclub.kz сайттарынан алынған
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему