Сот төрағасы майдандастарын еске алды
Курс валют в Актау
на 16/11/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Суббота,
16 Ноября, 03:16
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Сот төрағасы майдандастарын еске алды

1 Марта 2017 (21:28) | 2635 | Автор: Мира Ботабекова

 

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай, Ақтау қалалық сотының ұжымы осы соттың төрағасы, Ауған соғысының ардагері Мәлік Кенжалиевты құттықтады

 

Ауған елінде болған соғысқа қатысы бар әрбір азамат бұл күнді ескерусіз қалдырмайды. Себебі, Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгерлердің ерлігі кейінгі ұрпаққа үлгі боларлықтай.

Шара барысында Мәлік Сәбитұлы Ауған соғысында опат болған майдандастарының есімдерін қастерлеп, еске алды. Сот ұжымы олардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздік жариялады.

 

- 1979 жылғы желтоқсан айындағы Кеңес үкіметінің шешімімен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлері енгізілген болатын. Қаралы зұлматтың бірі саналатын Ауған соғысында қаншама жазықсыз қан төгілді. Алайда, кеңес әскерлері ұлтқа, дінге бөлінбей, қатерге бел буып, бір майданда батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетті, - деді М.Кенжалиев. Өз кезегінде судьялар мен сот қызметкерлері сот төрағасын айтулы мерекемен құттықтап, мықты денсаулық пен биік абырой тіледі.

 

Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім арасында 10 жылға жуық уақыт бойы белдескен қанды шайқасқа қатысып, елге аман оралған қаһармандар бүгінде арамызда. Отаналдындағы парызына адал болған азаматтардың бірі – Мәлік Сәбитұлы 2005 жылдан бері сот саласында абыройлы қызмет атқаруда.

 

Өмірінің өлшеулі бір бөлігін ғана осы соғысқа арнаса да, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізген жауынгерлердің жүрегінде соғыс салған жара мәңгіге қалары анық. Шара барысында Ауған соғысының ардагері арада 40 жылға жуық уақыт өтсе де, бұл жараның жазылмағанын тілге тиек етті.

Ақтау қалалық сотының судьясы, БАҚ пен байланысын үйлестірушіс судья Айнұр Қызылбаева.

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему