Өрісі кең өнегелі отбасы
Курс валют в Актау
на 28/03/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
28 Марта, 14:30
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Өрісі кең өнегелі отбасы

24 Сентября 2021 (18:21) | 1844 | Автор: Редакция

Ақтаулық Бегендіковтер  «Отбасылық ансамбль» ретінде көпке танылып келеді.

Отағасы Ерлан Бегендіков Маңғыстау өнер колледжінің ұстазы, үздік пианист әрі концертмейстер. Жұбайы Айгүл Жолдасбаева  екеуі Күмісбек, Шаттыбек, Өнербек сынды үш перзент тәрбиелеп отыр.

 Өнерде де, өмірде де жұптары жазылмаған Ерлан мен Айгүл 2003 жылы отау құрған. Балаларының  білім алып, өнерін әрі қарай дамыту жолында ата-анасы барын салуда. Үлкен ұлы Күмісбек Маңғыстау өнер колледжінің 3 курс студенті. Ұлттық аспап домбырада ойнайды. Ал кішісі Өнербек Абыл Тарақұлы атындағы өнер мектебінің фортепиано және вокал сыныбында білім алуда. Ол домбыра сабағынан дәріс алып, дәстүрлі ән орындайды. Қазақтың жыр- термесіне де қызығушылығы зор.

 "Демалыс кезінде балаларымызды үнемі өзімізбен гастрольдік сапарға алып кетеміз. Құдіретті өнерге баулып, ұлттық өнерімізге сусындап өссе дейміз",- деді отанасы Айгүл.

 Сонымен қатар өнерлі отбасы  әр түрлі деңгейдегі концерттерді ұйымдастырумен айналысады. Бүгінде  өнерлі отбасы республикалық және облыстық байқаулардың жеңімпаздары.

 

Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему