Мұнайлы ауданына 20 жаңа су таситын көлік әкелінді
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 14:45
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Мұнайлы ауданына 20 жаңа су таситын көлік әкелінді

19 Мая 2021 (10:22) | 1658 | Автор: Редакция

Мұнайлы ауданына «Dongfeng» маркалы 20 жаңа су таситын көлік әкелінді. Бұл туралы Мұнайлы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бисенғали Кенжалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, Мұнайлы ауданында ауыз су тапшылығы жыл сайын жаз мезгілінде байқалады. Осы орайда, тұрғындарды сапалы және уақытылы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін бірқатар жұмыс атқарылып жатыр.

«Су таситын көліктердің сыйымдылығы 4200 текше метр. Қазір Мұнайлы ауданының 86 пайызына су құбыры тартылған. Қызылтөбе ауылдық округіне су көлік арқылы тасымалданады. Осы жаңа көліктер суды құбырмен алмайтын ауылдардағы кезектілікті азайтуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде жаңа көліктерден бөлек 21 автоцистернамыз ба. Жаңа автоцистерналар ауылдарға бөлінеді. Қазір ауыз суды көлік арқылы алуға тапсырыс берген тұрғындардың сұранысы күнделікті орындалуда», - деді Бисенғали Кенжалиев.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

 

 

 

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему