Мұнайлыда орталық аурухана салынады
27 Января 2017 (10:20) | 1764 | Автор: Мира Ботабекова
Маңғыстау өңіріндегі Мұнайлы ауданы 2007 жылы құрылды. Бүгінде аудандағы халық саны табиғи туу және шеттен келген қандастар есебінен еселеп артуда. Ауданға қарасты ауылдардың инфрақұрылымы дамып, жаңадан көлік жолдары төселіп жатыр.
Тәуелсіздік жылдары Елбасы жарлығымен іргесі қаланған Мұнайлы ауданына биыл 10 жыл. 1991 жылы төрт орта білім беру мекемесі болған елді мекендегі мектеп саны бүгінде 13-ке жетті. Табиғи өсім жағынан өңірде алда тұрған аудан халқына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында көктемде орталық аурухана құрылысын бастау көзделген. Кешеннің жобалық-сметалық құжаты үш жыл бұрын жасақталған. Алайда қаржы тапшылығынан құрылысы кейінге шегеріліп келді.
Нұрлан Тәжібаев, Мұнайлы ауданының әкімі:
- 2016 жылдың қыркүйек айында үш жылдық. Мерзімі аяқталғанан кейін облыстық бюджеттен 17,5 млн ақша бөлініп, жобалық-сметалық құжаттарға қайта түзетулер енгізіп жатырмыз. Сәуір айында жоба қолданысқа алынады деп жоспарлап отырмыз. Орталық аурухана салынса, ауданда дәрігерлер саны артары сөзсіз.
Өрісі кеңейген елді мекенде жұмыс көзі жетерлік. «Дипломмен ауылға» бағдарламасының шарапатын көрген жастар көп. Барлығы жеңілдетілген несиемен үй алуға ниетті.
Қарлығаш Үсенбаева, жас маман:
- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша мүмкіншіліктерді тағы да қарастырсаңыз, себебі кезек жағынан жетіспей қалып жатыр мұғалімдер.
Нұрлан Тәжібаев, Мұнайлы ауданының әкімі:
- 2015 жылы 330 млн теңге несие беріп, 111 маманды қамтыдық. 2016 жылы одан да көп маманды 435 млн теңге көлемінде несиемен қамтыған болатынбыз. 2017 жылғы бюджетті нақтылау кезінде арнайы сұрайтын боламыз. Мамандардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуін бақылауға алатын боламыз.
«Аудан әкімінің есебі Атамекен ауылында тыңдалды. Селодағы мектептерде орын болмауынан 150 оқушы Ақтауға автобустармен тегін тасымалданады. Жергілікті билік бұл мәселенің күн тәртібінде тұрғанын халыққа жеткізді»,- деп жазады «Хабар24» арнасы.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему