Ақтауда заман талабына сай мал сою бекеті ашылды
3 Марта 2017 (15:13) | 3823 | Автор: Мира Ботабекова
Ақтауда алғаш рет заман талабына сай мал сою бекеті ашылды. Жаңа бекет Приозерный елді-мекенінде орналасқан. Тестілеу кезеңінен өткен қасапхана тапсырыс қабылдауға дайын. Батыс өңірдегі бірегей кешен еуропалық үлгідегі құралдармен жарақтанған. Оларды сатып алуға кәсіпкер 200 млн теңге жұмсапты. Тат баспайтын металдан жасалған қондырғылар экологиялық таза өнім береді. Мұнда тәулігіне он тонна ірі қара, он екі тонна ұсақ малдың еті өңделеді.
Мал сою, мүшелеу және тоңазытқыштарға жеткізіп, сақтау жұмыстары автоматты жүйемен атқарылады. Шағын цехта екі ауысыммен отыз адам жұмыс істейді. Мамандар келешекте шұжық, қазы жасау өндірісін қолға алмақ. Жұмабай Құсайын, ветеринария және санитарлық сараптама зертханасының меңгерушісі:
- Президентіміздің айтып жатқан азық-түлік бағдарламасына сәйкес әр уақытта халыққа экологиялық таза ет өнімдерін өндіру керек. Осыған байланысты бұл жердегі барлық құрал-жабдықтар, ең азы бактериялық ауруларға қарсы әрекеттік еденмен қапталған .
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему