ҰҚК «Қалқан-2021» оқу-жаттығуын бастады
12 Апреля 2021 (19:57) | 3241 | Автор: Редакция
Ү.ж. 12 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік органдары, Шекара қызметінің, Қарулы Күштердің және Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының басқару органдары мен бөлімшелері жауынгерлік (жедел-қызметтік) әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді.
Оқу-жаттығу Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстарында өткізілуде. Негізгі тәжірибелік іс-шаралар Маңғыстау облысының шегінде жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткізілетін болады.
Оқу - жаттығудың негізгі мақсаты-жедел-қызметтік дайындық жағдайын және мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілетін тексеру.
Бірінші кезеңде күш-құрылымдарды тағайындалған ауданға жылдам жеткізу жүзеге асырылды. Шекарашылар мен күштік органдардың әскери қызметшілерінің тұрақты орналасу орындарынан мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан бұл жерлер көпшілігі үшін бейтаныс.
Қарулы Күштер мен Ұлттық ұланның бөлімшелерінен бөлінген күш-құралдар Шекара қызметінің жедел бағынысына берілді. Оқу-жаттығулар кезең-кезеңімен өткізілуде.
будьте в курсе всех новостей Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Зарегистрируйтесь или войдите в систему