Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер танымал айтыскер ақынмен кездесті
Курс валют в Актау
на 25/04/2024
 
424.86
428.61
 
514.3
519.05
 
5.83
6.01
Номер редакции: +7 775 350 54 52
Новостной отдел: +7 777 259 44 50
Рекламный отдел: +7 778 399 22 62
reklama@tumba.kz
ПОДАТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ
Четверг,
25 Апреля, 13:08
Вход |Регистрация
Главное » Тыныс

Маңғыстаулық мемлекеттік қызметшілер танымал айтыскер ақынмен кездесті

16 Ноября 2018 (10:02) | 2843 | Автор: Нурганым Имашева

Маңғыстау облыстық филормониясында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, әдебиеттанушы, Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры, Л.Гумилев атындағы ұлттық университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Дәулеткерей Кәпұлымен кездесу кеші өтті. Мемлекеттік қызметшілер және өнер, мәдениет саласының қызметкерлерімен өткен кездесу агенттіктің аумақтық департаментінің ұйымдастыруымен өтті.

 

 

Кеш шымылдығын департамент басшысы Нұргүл Жанназарова ашты. Оның айтуынша, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «Болашаққа бағдар – Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын өңірімізде жүзеге асырылуын үйлестіретін орган болып табылады.

 

Оның мақсаты - Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық мәдениетін жетілдіру және 2030 жылға дейін мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының моделін өзгерту. Соның аясында бүгінгі шараны өткізу қолға алынған болатын.

 

 

Сахна төріне жайғасқан айтыскер ақын сөзін былай бастады: «Құт дарыған - Маңғыстау өңіріне деген құрметім ерекше. Бұл мекенде заңғар жазушы Әбіш Кекілбаев туған, талай батырлар мен Сабыр Адай, Светқали Нұржан, Есенғали Раушанов сияқты ақындардың елі. Маңғыстауға ат басын тірегенім - мен үшін үлкен бақыт деп білемін».

 

Қоғамда рухани құндылықтарды насихаттаудың түрлі жолы бар. Соның бірі - бүгінгі кездесуге шақырылып отырған өнер саласының майталманымен жүздесу.

 

 

Сүбелі де сырлы сұхбат түрінде жалғасқан кездесуде біраз мәселе сөз болды. Әсіресе, сыбайлас жемқорлықпен күрес, адалдық, мәдениетті қалыптастыру, үлкенге - құрмет, кішіге - ізет білдіру, мемлекеттік қызметшілердің тәртібі, қазақ әдебиетінің дамуы, білім саласындағы реформалар және т.б.

 

Ал алыстан ат терлетіп келген мейман болса, барлық сұрақтарға нақты жауап қайтарып, өзінің ойымен бөлісті. Сонымен қатар, айтысқа қалай келгені туралы сөз қозғады.

 

 

-Менің ойымша кез-келген мемлекеттік қызметші алдымен мемлекет мүддесін биік қойса, көздеген мақсатына жетеді. Ең бастысы, ары таза болса, еңсесін көтеріп жүре алады. Рас, бүгінде мемлекеттік қызметшілердің түрлі сынға ұшырайтыны туралы жиі естиміз. Бірақ барлығына бірдей күйе жағуға болмайды, өз ісіне адал қызметкерлерде жетіп артылады. Ең бастысы адал қызмет етіп, туындаған сұрақтар бойынша әділ шешім шығарып, адамгершілік қасиет мемлекеттік қызметшінің бойынан табылуын тілеймін, - деп жалғастырды сөзін ол.

 

Әкесі Қытайда, өзі Моңғолияда, ал балалары Қазақстанда туған Дәулеткерей ақын Мэлс Қосымбайдың шәкірті екендігін тілге тиек етті. Сонымен қатар жас айтыскер ақын, талай бәйгелі жерден жүлде алған Нұрлан Мұсаевпен жақын дос екендігін жеткізді. Өзі айтысты қойып кеткеніне қарамастан, өзіне рухани ұстаз санайтын аға буын әлі де болса көп екендігін, барлығымен байланыс үзілмегендігін, керісінше, жиі жүздесіп арқа-жарқа әңгімелесіп  тұратыны жайлы айтты.

 

 

Ақынмен болған кездесуден мемлекеттік қызметшілер үлкен әсер алғандығы сөзсіз. Көрермендердің қонақкәде болсын деген өтінішін жерге тастамаған Дәулеткерей Кәпұлы домбырасын қолына алып, жырдан шашу шашты.

 

Кездесуге келгендер айтыскер ақынға сұрақтар қойып, шығармашылығына, жеке өміріне қатысты мағлұматтармен қанығып, сыбайлас жемқорлыққа қатысты көзқарасын білді.

 

Бұл ақжолтай жаңалықпен бөліскен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі.

 

Суреттерді түсірген Департаменттің баспасөз қызметі

Подписывайтесь на наш Telegram канал -
будьте в курсе всех новостей
Присылайте свои новости на WhatsApp
+7 777 259 44 50
Нашли ошибку? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
КОММЕНТАРИИ:
нет комментариев
ДОБАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ
Комментарии могут оставлять только зарегистрированные пользователи.
Зарегистрируйтесь или войдите в систему